Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Немерелеріңді көрмей қалдың": Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін есіне алды

Опубликовано:

Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

"КешYou" тобында өнер көрсетіп танылған әнші Жұлдыз Өмірғали алғыс айту күні марқұм әкесін есіне алды. Шоу-бизнес жұлдызы желіде оған жантебірентерлік жазба арнап, оқырмандарының жүрегін елжіретті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали Instagram парақшасы арқылы әкесіне деген сағынышын жеткізіп, әсерлі жазба жариялады. Өнер иесінің дәл бірінші наурыз күні әкесін есіне алуы да бекер емес. Белгілі болғандай, бүгін марқұмның туған күні екен.

Әншінің әкесі тірі болғанда 49 жасқа толар еді. Ол әкесінің дүниеден тым ерте өткенін айтып, өз ішіндегі өкінішімен бөлісті.

"Көктемнің алғашқы күні құтты болысын. Бұл күн асқар тау әкемнің туған күнімен елестейді. Әкешім 49 жасқа толар еді. Арада 12 жыл өтті де кетті, көндім. Бірақ сағынамын. Немерелеріңді көрмей қалдың. Есейгенімізді көрмедің. Айтатыным сізге көп еді" , - деп жазды Жұлдыз Өмірғали.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының жазбасынан ерекше әсер алып, оған барынша қолдау білдіруге тырысқан. Оқырмандар оны жұбатып, мықты болуын сұраған.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Бақыт Әліпбаева марқұм әкесі туралы әсерлі сұхбат берген болатын. Өнер иесі өткен жылдың жазында әкесінен айырылып қалған. Ол тіпті әкесімен қоштасып үлгермеген. Актриса белгілі бір себептерге байланысты оның қазасына бара алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901410-nemerelerindi-kormei-qaldyn-zuldyz-omirgali-marqum-akesin-esine-aldy/

pixel