Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан: Жақын арада біраз адамның бетпердесі шешілейін деп тұр

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде бөліскен жазбасымен барша оқырмандарын ойландырып қойды. Өнер иесі алдағы уақытта бірқатар адамның бетпердесі ашылатынын хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан екі ойлы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Әнші жанкүйерлеріне жақында шок алуға дайын болуларын ескертті.

"Жақын арада біраз адамның маскасы шешілейін деп тұр. Шок алуға дайын жүріңіздер" , - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары бірден бұл жазбаны қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерімен бөліскен. Қалың көпшілік эстрада жұлдызы бұл сөздерімен кімді меңзегенін біле алмай әлек болып, оны сұрақтың астына алған.

"Қазіргі таңда бізді ештеңе таңғалдырмайтын болды" , "Өзіңіздің маскаңыз ашылып қалмасын" , "Бұл жазбаңызбен кімді меңзеп тұрсыз? Жазбаның астарында бір нәрсе бар" , "Өмәр болған соң, әр адамның уақыты келгенде шынайы түрі шығады" , - деп жазуда желідегілер.

Оған қоса, пікір білдірушілер арасында әншінің түрін сынға алғандар да болды. Олар Ерке Есмаханның жасандылыққа ұмтылып кеткенін жазуда.

"Ерніңізді тым қатты үлкейтіп тастапсыз" , "Жасанды түр, пластикалық ота, ерні ботокс, кірпік жабысқан, 5 тонна макияж, татуаж", "Бетіңнің сау жері қалмапты ғой, жасанды ғой" , "Түрің ужас боп тұрсың жасанды кукла сияқты адамға ұқсамайсың Ерке сіңлім өзіңнің табиғи сұлулығың қайда " , "Былтыр Кореяға бекер барған жоқ. Бетін өзгерткен, жасартқан" , - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901476-erke-esmaxan-zaqyn-arada-biraz-adamnyn-betperdesi-sesileiin-dep-tur/

pixel