jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шаш үлгісін өзгерткен Айым Сейтметова Ерке Есмаханның ғашығына пародия жасады

    Айым Сейтметова
    Фото: Видеодан кадр

    Қазақстандық танымал актриса Айым Сейтметова имиджін адам танымастай өзгертіп тастады. Өнер иесі желі қолданушыларына бұл жаңа образда кімге пародия жасап жатқанын анықтап көруін сұрады. Бойжеткеннің жанкүйерлері оның "Ninety one" тобының бұрынғы әншісі Азамат Зенкаевты салып тұрғанын бірден айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айым Сейтметова жаңа ерекше образдағы видеосын Instagram парақшасында жариялап, пародияны тек әзіл үшін жасағанын айтты. Актриса бұл әрекетімен ешкімді ренжіткісі келмейтінін алға тартты.

    "Кейінірек мүмкін өшіріп тастаймын. Бүгін шаш үлгісін өзгертіп тастап едім. Ол маған бірден бір адамды есіме түсірді. Кімді екенін өздеріңіз де түсініп тұрған шығарсыздар. Бұл видеомен ешкімді ренжіткім келіп тұрған жоқ. Бұл жай ғана әзіл, одан артыұ ештеңе де емес. Косплей - менің екінші есімім. Келер жолы кімге пародия жасайын" , - деп жазды өнер иесі.

    Актриса шашын ұсақ етіп өріп тастап, үстіне кең пиджак киіп алған. Желі қолданушылары Сейтметованың Азамат Зенкаевқа пародия жасап жатқанын қиналмай-ақ тапты.

    Айта кетерлігі, ол көпшілікке "Ninety One" тобында A.Z лақап атымен өнер көрсетіп танылды.

    Айым Сейтметованың мұндай өзгерісі оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырғаны анық. Бірі оның замануи образына тәнті болса, енді бірі керісінше оны снға алған.

    "91 тобындағы AZ ғой", "AZ стилі, соның шаш үлгісі ғой", "Керемет образ", "Мықты", "Айым Азаматқа күшті пародия жасапсың. Бірақ, саған өзіңе мұндай образдар жараспайды. Саған көйлек пен юбка киген қатты жарасады" , "Зенкаевтың партиясынан кейін Еркенің әні қосылып кетті" , - деп жазуда көпшілік.

    Айта кету керек, Азамат Зенкаев топтан шығып кетсе де әлі де ел аузында. Соңғы уақытта оның есімі әнші Ерке Есмаханмен жиі байланыстырылуда.

    Желіде қос жұлдыздың Дубайдағы демалысы кезінде фотолары тарап кетті. Кейін артынан Еркенің өзі бұл қарым-қатынасын растаған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.