Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Итке сүйек тастағандай": Белгілі журналист Мадина Сәдуақасованы аяусыз сынап тастады

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық танымал журналист Жолымбет Мәкіш жұлдыздар қауымына қатысты өз наразылығын айтты. Оның сөзінше, бүгінде әртістер желіде халықты арзан әңгімемен баурауда. Ақпарат өкілі олардың арасынан Мадина Сәдуақасованы ерекше сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жолымбет Мәкіш желідегі жұлдыздар жайлы азулы жазбасын Facebook парақшасында жариялаған. Журналистің ойынша, шоу-бизнес өкілдері кесірінен халық арзан дүниелерге әуес болып барады.

"Халықты өсек пен қысыр әңгіме іздеп тұратын қара тобыр қылып тәрбиелеп жатқан екі нәрсе бар болса, соның біреуі - "Қалаулым" сияқты әртүрлі мағынасыз, мәнсіз, түкке татымайтын арзан дүниелер ашып тастаған телеканалдар да, екіншісі – инстадағы "жұлдыздар". Соларға қарап біреудің алдында, біреудің артында келе жатқанына шүкіршілік етуден қалып, мына ел дайын нәрсеге, тегін нәрсеге құмартып тұратын қайырымсыз, қатыгез болып барады.
Мәдина Сәдуақасова отасқанына 7 жыл болғанын, күйеуі өзінен 7 жас кіші екенін атап өткелі жатқанын жазыпты инстаға. Соны аз уақытта 4 миллион адам қарапты. 4 миллион адам! Қазір сонда бүкіл елдің тағдыры шешілгелі жатқандай қырғын пікірталас болып жатыр екен... 4 миллион дегенің халықтың тең жартысы ғой! Итке сүйек тастағандай қылып, халықты сондай тақырыпқа үймелетіп қойған әнші-құшнаштарда да ұят жоқ! 4 миллион адамды қорасындағы мал құрлы көрмей отыр ғой бұлар. Мәдинаның да, халықтың да деңгейі бір-біріне сай екен" , - деп жазды ақпарат өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901563-itke-suiek-tastagandai-belgili-zurnalist-madina-saduaqasovany-ayausyz-synap-tastady/

pixel