Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі әнші әрі актер басшылық қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: Нүркен Өтеуіл/Facebook

Белгілі актер әрі әнші Нұркен Өтеуіл лауазымды қызметке тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Нұркен Өтеуіл Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театр директорының шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нұркен Әшімханұлы Өтеуіл 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылында дүниеге келген.

1994 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты "Драма және кино актеры" бөлімінде Қазақстанның халық артисі Кәукен Кенжетаев пен Есім Сегізбаевтың шеберханасында білім алған.

1998 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында қызмет етеді.

ҚР Жастар Одағы сыйлығының (2000), "Дарын" жастар сыйлығының (2006), Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлығының (2012) иегері.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901602-belgili-ansi-ari-akter-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/