Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаш үлгісін өзгертіп тастаған Жұлдыз Әбдікәрімова елді таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова көктем келе салысымен имиджіне өзгеріс енгізуді жөн көрген. Көпбалалы ана қыздарынан қалыспай, шаш үлгісін өзгертіп тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жаңа шаш үлгісін паш етіп, өз оқырмандарын таңғалдырды. Қалың көпшілік актрисаның мұндай қадамға баратынын мүлдем күтпеген.

Қайрат Нұртастың жары соңғы уақытта шашына көптеген өзгерістер енгізуде. Бұған дейін ол ұзын қолаң шашын қысқартса, енді бұл жолы кекіл қидырған.

"Ол сен емес, сен емес Бүгін екінші наурыз. Көктем кешікпеді‍. Қыздарыммен бірге мен де өзгердім" , - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Тележүргізушінің имиджіндегі өзгерісі желіде бірден тақлыға түсті. Оқырмандар Әбдікәрімованың жаңа образына қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісуде. Бірі оған кекіл жарасатынын айтса, енді бірі бұл шаш үлгісін сынап тастаған.

"Әйелдің бәрі бірдей екен. Көктем келсе, өзгеруге дайын тұрады" , "Керемет. Сізге жарасады екен" , "Кекіл барлығына бірдей жараса бермейтін нәрсе. Алайда, сізге жарасып тұр" , "Жасартып көрсетеді екен" , "Сізге кекіл қойған жараспайды екен. Жеке өз пікірім, ренжімеңіз" , "Жараспайтын секілді. Бірақ, шаш өседі ғой" , "Алдыңғы шашыңыз жарасатын еді" , "Онша емес. Бұрынғы шаш үлгіңіз әлдеқайда жарасымдырақ еді" , "Әдемі жарасып тұр. Алау қызыңыз сізден айнымай қалыпты" , "Сізді мұндай қадамға барады деп күтпедік" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901693-sas-ulgisin-ozgertip-tastagan-zuldyz-abdikarimova-eldi-tangaldyrdy-video/

pixel