Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әли Оқапов актриса Гүлназ Жоланаваға тезірек тұрмысқа шығуға кеңес берді (видео)

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова
Фото: Instagram/zholanova_gulnaz

Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов өзі отбасын құрған соң, өзге жұлдызды достарына тезірек жанұялы болуға кеңес бере бастаған. Өнер иесі актриса Гүлназ Жоланова үшін алаңдап, оған тез арада тұрмысқа шығу керектігін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли Оқаповтың Жолановаға тезірек отбасылы болу керектігінін айтқан видеосы Instagram желісінде тарап кеткен. Qaz.stars парақшасында жарияланған бейнежазбада әншінің кішкентай балаға сағатты көрсетіп, оның нені білдіретінін түсіндіріп отырғанын көруге болады.

Роза Рымбаеваның ұлы бұл қылығымен актрисаға тез арада тұрмысқа шығу керек екенін меңзеген. Әли қасындағы балақайға "сағат Жоланованың отбасылы болатын уақыты келгенін білдереді" деп айтқан.

Бейнежазбаға сүйенсек, Оқаповтың әзілдеп отырған сәтінде Гүлназ Жоланованың өзі де болған. Кадр сыртында актрисаның күліп жатқанын естіледі.

Жұлдыздардың ерекше видеосы желі қолданушылардың да көңілінен шықса керек. Оқырмандар өзара әзілдескен әртістерге тәнті болып, олар жайында өз пікірлерімен бөлісті.

"Әли дұрыс айтады. Қыздың жасы кетіп бара жатыр" , "Әли өте керемет тәрбие көрген бала ғой" , "Жарасымды қалжың" , "Гүлназдың өзі де күлкіге қарық болды. Бірақ, Әли саған дұрыс кеңес беріп жатыр" , "Әли өзі үйленіп, өзгелерге де отбасын құрсын деп жатыр" , "Жарайсың Әли, бұл актрисаға бәрі айтып шаршады. Негізі жасы келіп қалды. Қазір шықпаса, кейін отырып қалады" , "Әли Гүлназды қатырдың. Ол сенен мұндайды күтпеген секілді" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901738-ali-oqapov-aktrisa-gulnaz-zolanavaga-tezirek-turmysqa-syguga-kenes-berdi-video/

pixel