"Бақыттымын": RaiM & Artur дуэтінің әншісі үйленді (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстанық шоу-бизнесте өзіндік орны бар RaiM & Artur дуэтінің әншісі Артур Дәулетияров үйленді. Қуанышты жаңалықты жұлдызды күйеуіжігіттің өзі жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
RaiM & Artur дуэтінде өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған Артур Дәулетияров отау құрды. Талай қыздың арманына айналған әнші өзінің ресми түрде бойдақтар тізімінен шыққанын Instagram желісінде айтқан. Ол жеке парақшасында қалыңдығымен түскен фотосын жариялап қойды.
"Қысқасы, не айтарымды да білмей тұрмын. Мен бақыттымын" , - деп жазды аталмыш суреттің астына Артур.
Алайда, өнер иесі жүрегін жаулаған бойжеткенді халыққа әзірге көрсетуге дайын емес болып шықты. Артур фотода болашақ жарының түрін жауып қойған.
Бұл жаңалық әртістің табынушы қыздарының жүрегін жаралағаны анық. Олар өз сүйікті жұлдызының отбасын құрғанына сенбей, кейбірі тіпті оның үйленгенін пранк деп ойлап жатты.
Дегенмен, желідегілердің басым көпшілігі өз бақытын тапқан Дәулетияровты құттықтап, өз ақ тілегін жолдап жатты.
"Шынымен үйленіп кетті ме? Қалайша болғаны?" , "Біз оны күтіп жүрсек" , "Бақытты бол, бауырым. Сен соған лайықсың" , "Артур таңғалдырдың. Қайта жанкүйерлеріңнен жасырмай айтқансың. Жарадың" , "Махаббаттарың баянды болсын" , "Құтты болсын. Сен үшін қуаныштымыз", "Енді Райымның кезегі келді ме?" , "Минус бір бойдақ", "Келіншегіңді қашан көрсетесің?" , - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901761-baqyttymyn-raim-artur-duetinin-ansisi-uilendi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.