Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабағы ашылды": Төреғалидің жары Instagram желісіне тіркелді

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің жары Толқын ресми түрде Instagram желісіне тіркелді. Келіншегінің парақшасы ашылғанын өнер иесінің өзі сүйінші сұрап хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі өзінің Instagram парақшасында әйелімен түскен ерекше суретін жариялап, қуанышты жаңалығымен бөліскен. Эстрада жұлдызы жарының аталмыш әлеуметтік желіге ресми түрде тіркелгенін хабарлап, оның аккаунтын белгілеп кеткен.

"Ағайын, кішігірім сүйінші! Келіндеріңіздің жеке ресми парақшасы ашылды! Қабағы ашылды" , - деп жазды ол.

Желі қолданушылары енді "ұлы дала келінін" @tolkynturarbekkyzy деп жазып, іздеп таба алады.

Төреғалидің келіншегі ресми парақшасын ашып, алғашқы жазбасымен де бөлісіп үлгерген. Толқын Тұрарбекқызы онда өзіне қосылып жатқан оқырмандарымен амандасып, оларға өз алғысын білдірген.

Белгілі болғандай, жұлдызды әулеттің келіні әлеуметтік желіге тек жолдасы мен ата-енесінің рұқсатымен тіркелген.

"Баршаңызға басымды иіп сәлем бердім құрметті оқырмандарым! Алланың қалауымен, жарымның рұқсатымен, ата-енемнің батасымен ашылған жеке ресми парақшама қош келдіңіздер! Өздеріңізге белгілі, сүйікті әншілеріңіз TТТ-ның Алла қосқан жары - Толқын! Әр нәрсенің өз уақыты болады! Неге парақшам болмады, неге көпшілікке жасырынмын деген сұрақтарды жиі естіп келдім! Осы уақытқа дейін жеке парақшамның болмауы жарымның бұйрығы болды. “ Сабақты ине сәтімен” демекші, бүгін сіздерге жеке парақшамның ашылғанын қуанышпен хабарлаймын. Тағы да, Қош келдіңіздер" , -деп жазды Толқын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901912-qabagy-asyldy-toregalidin-zary-instagram-zelisine-tirkeldi/

pixel