Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік кино мен әдебиеттің майталмандары қазақша сөйледі

Опубликовано:

«Алға» кино
Фото: BI Group

Еліміздің мәдени саласындағы жағымды жаңалық - қазақстандықтар әлемдегі ең үздік фильмдер мен әдебиеттің бестселлерлеріне ана тілінде қол жеткізетін болады. Кино мен әдебиет жауһарларының кейіпкерлері қазақша сөйледі. Жобалар BI Group цифрлық құрылыс холдингінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Холдинг халық арасында ең сүйікті өнерге айналған - үлкен экрандарда көрсетілетін кино шедеврлерін бұқара халыққа қазақ тілінде ұсына бастады. 2018 жылдан бастап компанияның қаржылық қолдауымен аңызға айналған Disney, Warner Bros. Pictures, Walt Disney Animation Studios, Paramount Pictures киностудияларының 10 әлемдік фильмі қазақ тіліне аударылды.

Осы мақсатқа құрылыс компаниясы 560 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. «Монстрлар демалыста-3: теңіз шақырады», «Щелкунчик және төрт патшалық», «Дамбо», «Алладин», «Ойыншықтар хикаясы-4», «Арыстан патша», «Тас жүрек-2», «Алға», «Мулан», «Жан» фильмдерінің кейіпкерлері қазақ тілінде сөйледі.

"Жан"
Фото: BI Group

Тілімізді дамытудың болашағы балалардың қолында, сондықтан мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстары танымал шетелдік мультфильмдерден басталды. Жас көрермендер тілді осындай қызықты әрі мәжбүрлемей үйренуге және дамытуға мүмкіндік алған кезде бұл өте жақсы тәсіл болып табылады.

Кино
Фото: BI Group

Айтпақшы, соңғы «Жан» анимациясы қазірдің өзінде қазақ тіліндегі шетелдік киноның классигі болуға үміткер, сондықтан біздің көрермендеріміз оны қатты ұнатты. Фильм Pixar және Disney компанияларының ТМД елдеріндегі төрт миллионнан астам адам тамашалаған ең көп кіріс кіргізген жобасы болды.

Кітап
Фото: BI Group

BI Group кинематографиядан кейін бестселлер іскерлік әдебиеттерді мемлекеттік тілге аударуды қолға алды. Дубляж жасалған 10 анимациялық фильмнен кейін цифрлық құрылыс холдингі әлемге танылған ең үздік 100 кітапты қазақ тілінде шығаруды мақсат етіп отыр. Ол еліміздегі кітап дүкендерінің сөрелерінде пайда болған екі басылымнан басталды. Бұл - Уолтер Айзексонның «Стив Джобсы» және Джим Лоэр мен Тони Шварцтың «Толық қуатты өмір» атты туындылары.

«Біздің компаниямыз қазақ тіліне аударылған ең үздік шетелдік кітаптарды жиі шығаратын болады. Жеке өз басым көптеген түрлі іскерлік әдебиеттерді, әлемнің әр түкпірінен шыққан қызықты басылымдарды оқығанмын және оларды оқырмандарға қолжетімді ету ниетім бар. Бұл біздің қазақ тілін дамытуға қосқан үлесіміз болады», - деді BI Group компаниясының негізін қалаушы Айдын Рахымбаев.

Фильмдер мен кітаптар тікелей ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылады, бұл автордың айтпақ ойын дәл беру үшін өте маңызды.

Ресми статистикаға сәйкес биыл қазақ тілінде оқитын студенттер саны 60% -дан асты. Компания өкілдері мемлекеттік тілдің қызметтің барлық саласында қолдану аясын кеңейтуге өз үлестерін қосатындықтарын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902007-alemdik-kino-men-adebiettin-maitalmandary-qazaqsa-soiledi/

pixel