RU

Көлік екі мәрте аударылған: Қазақстандық танымал әнші жол апатына түсті

Мария Мудряк
Мария Мудряк. Фото: instagram.com/maria_mudryak

Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк жол-көлік апатына ұшырады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Мен Қазақстандамын. Кеше біздің екінші туған күніміз болды! Ең алдымен отбасымның атынан сондай сәтте көмекке келіп, бей-жай қарамаған барлық мейірімді адамға алғыс айтамын.

Біз Павлодарға, үйге бара жатқан кезде көктайғақ салдарынан біздің көлігіміз екі мәрте аударылып, жол жиегіне шығып кетті. Барлығымыз таңғажайыптың арқасында аман қалдық! Құдайға шүкір!

Жанымыздан өтіп бара жатөан көліктердің бәрі тоқтап, 15 адам бізді шығарып алуға тырысты. Мен олардың аты-жөндерін білмеймін. Алайда осындай немқұрайлы қарамайтын адамдар барда әлем өмір сүретін болады. Міне, біздің қазақстандықтар осындай. Барлығыңызға рақмет!", - деп жазды Мария Мудряк.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902315-kolik-eki-marte-audarylgan-qazaqstandyq-tanymal-ansi-zol-apatyna-tusti/