Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген нәзік жандыларды мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: Vyacheslav Prokofyev\TASS via Getty Images

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Халықаралық сахналарда өнер көрсетіп жүрген Димаш нәзік жандыларға арнаған ақжарма тілегін үш тілде жеткізді.

Димаш өзінің құттықтауын Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

"Қымбатты аналар, әпкелер, қарындастар! Гүл көктемнің көркем мерекесі - халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Нәзік гүлдей құлпырып, әсемдіктің жаршысы, өміріміздің көркі болып жайнай беріңіздер! Жанарларыңыз нұрға, жүректеріңіз шаттықты жырға тола бергей! Шаңырақтарыңызға құт қонып, ырыс, несібелеріңіз арта бергей! Бақытты болыңыздар!", – деп жазды әнші.

Бірнеше сағат ішінде жазба 50 мыңға жуық лүпіл жинады. Жазбаның астына Димаштың шығармашылығының жанкүйерлері жағымды пікір қалдырды.

"Рақмет, Димаш! Күніміз, біз сені өте жақсы көреміз!", "Көп рақмет, қымбатты Димаш, менің сүйікті қызғалдақтарым", – деп жазды қолданушылар.

Еске салсақ, мемлекет басшысы еліміздің нәзік жандыларын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады.

"...Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен ізгілікке, мейірім мен шапағатқа бөлейді. 

Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. "Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген нақыл сөз бекер айтылмаған...", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902389-dimas-qudaibergen-nazik-zandylardy-merekesimen-quttyqtady/

pixel