Қайрат Нұртастың інісі тағы да әке атанды (фото)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Әншінің туған інісі Аян Нұртас тағы да балалы болды. Келіншегі оған ұл бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдызды әулет мүшелері қуанышты жаңалықпен әлеуметтік желілерде сүйінші сұрап бөлісті. Бір қыз тәрбиелеп отырған Аян Нұртас пен оның жары бұл жолы ұлды болған.
Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында жаңадан туған немересімен түскен суретін жариялап қойды.
Жұлдыз Әбдікәрімова да дүние есігін енді ғана ашқан нәрестемен түскен фотосын жұктеп, өз қуанышын жеткізген. Оның жазбасына сүйенсек, жаңа туған сәбиге Нұр деген есім берілген.
"Нұр атты жігітіміз жарық дүниенің есігін ашты. Ана болу бақыты барша әйелге бұйырсын" , - деп жазды ол.
Аян Нұртас та отбасындағы қуанышпен бөлісіп, өзіне ұл сыйлаған әйеліне алғысын айтты. Екінші мәрте балалы болған әке ұлымен түскен алғашқы суретін ел назарына ұсынды.
"Бүгін менің махаббатым маған ұл сыйлады. Бәрі үшін рахмет жаным. Саған деген алғысым шексіз. Сені қатты жақсы көремін. Нұртас әулетіне бір батыр қазақ елім. Аллаға шүкір " , - деп жазды әншінің інісі.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап, жаңадан туған сәбиге ақ тілектерін жаудырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902444-qairat-nurtastyn-inisi-tagy-da-ake-atandy-foto/