Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажырасып кеткен": Аша Матай жолдасымен арақатынасы туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Арман мен Аша матай
Фото: Instagram/asha_matai

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай жолдасы Арман Қоңырбаевпен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Бұған дейін ел арасында жұлдызды жұптың ажырасып кеткені жайлы қауесеттер көптеп тараған болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай жеке өміріне қатысты көптің көкейінде жүрген сұраққа "Ревю" бағдарламасында жауап берді. Ол Арман Қоңырбаевпен арақатынасы жайлы бар шындықты ашты.

"Бізде бәрі жақсы, шүкір. Халық айта береді ғой. Біреулерді ажырастырып жатады, біреулерді тоғыстырып жатады. Жақында Төреғалиге қатысты шу болған еді. Сондықтан адамдардың айтқанына көп назар аудара берудің қажеті жоқ. Сол адамдардың өздері ғана айтса, толығымен үңіліп қарауға болады. Бұл барлығы қауесеттер. Біз ренжіскен жоқпыз" , - деді тележүргізуші.

Айта кетейік, өткен жылы Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың ажырасып кеткені жайлы қауесет тарап, елді алаңдатып қойды.

Көпшілік жұлдызды жұптың айырылысып кеткенін болжап, желіде қызу талқы тудырды. Ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты бұл ақпараттардың рас-өтірігін ұзақ уақыт бойы нақты айтпады. Олар бұл жаңалыққа қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Жұлдызды жұп бәрін құпия сақтауға тырысқанымен, олардың өнердегі әріптестері үндемей тұра алмады. Шоу-бизнес өкілдері жұбайлардың ажырасуына қатысты пікір білдірді.

Арман мен Ашаның отбасымен жақсы араласатын әнші Салтанат Бақаева олардың арақатынастарында не болып жатқанын білетінін алға тартты. Эстрада жұлдызы ажырасуға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902533-azyrasyp-ketken-asa-matai-zoldasymen-araqatynasy-turaly-bar-syndyqty-aitty/

pixel