Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кінәні өздеріңнен іздеңдер": Феминистерді сынға алған Айдарқұлов өзі елден оңбай сөз естіді

Жарияланған күні:

Дәурен Айдарқұлов
Дәурен Айдарқұлов. Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Қазақстандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов желіде жазба жариялап, онда феминист әйелдерге даналық тіледі. Желі қолданушылардың бір бөлігі өнер иесін сынға алып, оның ақылдыларға да, данагөй адамдардың қатарына да жатпайтынын бетіне басты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов жұртшылықтың ашуын тудырған жазбасын Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда ол ақылдылар мен данагөй адамдардың айырмашылығын көрсетпек болған.

"Ақылды және данагөй адамның айырмашылығы неде екенін білесіз бе? Ақылды адам - проблемаларды тез әрі дұрыс шешеді. Ал данагөй адамдар - басынан бастап бұл проблемалардың туындауына жол бермейді. Барлық феминист әйелдерге данагөй болуды тілеймін" , - деп жазды актер.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл жазбасына өз наразылығын білдіріп, оны аяусыз сынап тастады.

"Біздің ер азаматтар проблемаларды әйелдерден емес, өздерінен қашан іздей бастайды?" , "Феминист әйелдер де сізге соны тілейді" , "Сені соқпайтындай не істедің? дегендей болып тұр ғой", "Сізге де данагөй болған артық етпейді. Әйтпесе, тағы бір құрбаныңызбен бала жасап қоярсыз", "Сізге бұл жайт әсер етпейді. Себебі, сіз ақылды да, данагөй адамдар қатарына да жатпайсыз" , - деп жазды олар.

Айта кетейік, 8 наурыз күні Алматыда феминистер шеруі болып өтті. Наразылық шарасына үш жүз адам жиналған.

Митинг Ганди саябағынан басталды. Плакаттардағы ақпаратқа сәйкес, қыз-келіншектер жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық бап талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902639-kinani-ozderinnen-izdender-feministerdi-synga-algan-aidarqulov-ozi-elden-onbai-soz-estidi/