Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұсыныс көп түсті": Кенжебек Жанәбілов елді шулатқан суреті жайлы айтты

Опубликовано:

Кенжебек Жанәбілов
Фото: Instagram/kenzhebekmuzart

"МузАрт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов желіде жартылай жалаңаш күйде шоколад ұстап тұрған фотосына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Өнер иесі бұл қадамға жарнама үшін барғанын жасырмады. Алайда, ол әрекетін ерсі деп санамайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кенжебек Жанәбілов бұған дейін жасаған жарнамаларының ішінде осы соңғысы аса сәтті болғанын алға тартты. Оның айтуынша, жартылай жалаңаш күйде қарда шоколад ұстап жатқан суретінің арқасында ұсыныстар көптеп түскен.

Эстрада жұлдызы қара пиардың арқасында елдің пікірін білмек болған. Бұл туралы ол ұрсұлтан Құрманның Youtube қаналына берген сұхбаты барысында айтып берді.

"Біз қазақ деген халық жаман жағын бірден қабылдаймыз ғой. Осы күнге дейін мен салып жүрген жарнамалардың ішінде өткен жарнаманың бірі осы болды ғой деймін. Көптеген пікірлер жазылды. Оның ішінде жақсысы бар, жаманы бар. Бірақ, дегенмен бұл қара пиар. Ол о заманнан бері келе жатқан үрдіс. Жана менімен бір үлкен кісі келді. Соған да көрсеттім, пікірін білгім келді. Ол адам "Бұл фотода тұрған ештеңе жоқ қой. Шетелде де қара пиар деп неше түрлі жасайды ғой. Ажырасып кетіпті, бір жерде ішіп ұсталды деп өзін таныту үшін түрлі істерді жасайды" деді. Сол секілді, менің фотомда тұрған ештеңе жоқ.
Бірақ, мен оның осыншама шу шығаратынын ойлаған жоқпын. Бір жағынан халықтың не ойлайтынын білейінші деп шештім. Тәуекелге бардым. Салдым, пікірлер жаудырылды. Бәрі бір-бірімен қызу талқылап жатты. Ислам жағынан жазып жатқандар да көп болды. Бұл жайттан мен қатты ауырлық алмадым. Себебі, ішіндегі жақсысын өзіме алдым да, жаманын қалдырдым. Менің осы жарнамамның арқасында шоколадқа біраз көп ұсыныс түсті десе де болады. Бұған дейін салған жарнамаларымнан аса нәтиже болмады. Ал мына фотодан соң, шоколадты жеп көруге ниет білдіргендер көбейе түсті" , - деді Кенжебек Жанәбілов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902678-usynys-kop-tusti-kenzebek-zanabilov-eldi-sulatqan-sureti-zaily-aitty/

pixel