Жанар Айжанова: Бұрынғы енеммен бүгінде сырласпыз
Жарияланған күні:
Тағдырдың жазуымен бірінші жолдасы көз жұмып, араға жылдар салып екінші рет тұрмыс құрған Жанар Айжанова бұрынғы енесімен байланысы үзілмегенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, олар бүгінде сырлас жандарға айналған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жанар Айжанованың бұрынғы енесі "Ең алғашқы" бағдарламасында оның қандай келін болғанын айтып берді. Эстрада жұлдызы жолдасы қайтыс болса да, оның анасымен араласуды тоқтатпаған. Әнші тіпті екінші мәрте тұрмысқа шығарда ол кісіден рұқсат алған екен.
"Жанар жақсы келін болды, ақылы бар. Балам қайтыс болғаннан кейін өңменімнен итерген жоқ. Екінші рет күйеуге шығарда маған айтқан «Апа, руым енді басқа болайын деп тұр» деп. Өй, көкем, бақытты бол. Сен Алладан тілеген жоқсың, Айжұлдызға дұрыс қарайтын бала болса, қосыла бер деп, рұқсатымды бергенмін" , - дейді марқұм күйеуінің анасы.
Екінші рет азаматтығы биік жанға тұрмысқа шыққан Жанар Айжанова отбасында марқұм болып кеткен бірінші күйеуіне құран бағышталатынын, өлгенге ешкімнің таласы жоқтығын баяндады.
"Бүгінде бас қосқан азаматым Ерболат – екінің бірінің басына бұйырмайтын бақ. Өткен-кеткеннің бәріне, әке-шешеме, қайтыс болған алдыңғы күйеуіме қой сойып, құран оқимыз. Бұрынғы күйеуімнің отбасымен байланыс үзілген жоқ. Айжұлдыздың әжесі, күйеуімнің шешесі, ең алғаш аяғымды аттап басқан босағамдағы енем. Екеуіміз қазір жақсы сырласпыз, телефонмен хабарласып тұрамыз. Жаңалықтарымды айтым тұрам. Ол енді менің міндетім деп ойлаймын" , - дейді Жанар Айжанова .
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902688-zanar-aizanova-buryngy-enemmen-buginde-syrlaspyz/