Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз достықтан аспадық": Бекболат Тілеуханның анасы Жанар Айжанованы келін етуді армандаған

Опубликовано:

Жанар Айжанова
Фото: Instagram/zhanar_aizhanova

Белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның анасы әнші Жанар Айжанованы өзіне келін етуді қатты армандаған болып шықты. Бұл туралы эстрада жұлдызының өзі айтты. Бүгінде ел алдында жүрген қос танымал тұлға жақсы достар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Айжанова Бекболат Тілеухан екеуінің достығы туралы жан сырын ақтарып, көпшілік білмейтін жайтты айтып қойды.

Белгілі болғандай, қоғам қайраткерінің анасы өнер иесін келін етуді қалаған. Алайда, ол кісінің арманы орындалмады. Айжанова мен Тілеухан тек жақсы достар ретінде араласуды жалғастыра берген.

Эстрада жұлдызы елге беймәлім ақпаратпен "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында бөлісті.

"Бекболат екеуіміз дос болдық, қатар шықтық. Бекболат – нағыз азамат, өнерін жақсы көремін. Мамасы мен қатты жақсы көргені соншалықты оңашада жылап та айтатын "Арманым – сені Бекболатқа алып берсем" дейтін. Алайда Бекболат екеуіміз достықтан аспадық" , - деп өткенді еске алды Жанар Айжанова.

Айта кетейік, бұған дейін Жанар Айжанованың бұрынғы енесімен бүгінде сырлас екенін жазған болатынбыз. Өнер иесі марқұм жолдасының анасымен әлі де жақсы араласып тұратын болып шықты. Ол тіпті екінші мәрте тұрмысқа шығарда ол кісіден рұқсат сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902696-biz-dostyqtan-aspadyq-bekbolat-tileuxannyn-anasy-zanar-aizanovany-kelin-etudi-armandagan/

pixel