Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсірмек

Опубликовано:

Роза Рымбаева мен Әли Оқапов
Фото: Instagram/aliokapov

Отандық танымал әнші Әли Оқапов жаңа жобаны қолға алды. Өнер иесі бұл жолы өзінің анасы, ҚазКСР халық әртісі Роза Рымбаева туралы фильм таспалақ. Ол өзін қалың көпшілікке кинопродюсер ретінде жаңа қырынан танытпақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана тыңдармандарын қазақ тіліндегі жаңа туындысымен қуантқан Әли Оқапов өзін басқа салада сынап көрмек. Бұл туралы әртіс Instagram парақшасында хабарлады. Жас әнші кеңестік және қазақстандық эстраданың дүлділі Роза Рымбаеваның өмірі мен шығармашлығына арналған толықметрлік фильмнің бас продюсері болмақ.

Әлидің айтуыанша, анасына арнап фильм түсіру туралы ой бұрынанн келе жатыр. Өнер иесі бұл идеясын енді ғана іске асыруға бекінген.

"Осы жолы қолға алып, неге көрмеске деп бастап кеттік. Қорқыныш бар, қобалжу бар. Бірақ, меніңше әрбір адам өзі білмейтін нәрседен қорқады ғой. Бірақ, ақырындап қадамдарымызды жасап, ойлағанымызды жүзеге асырудамыз. Бұл жайында алғаш рет ресми түрде айтып тұрмын" , - деді Әли Оқапов "Гәкку" арнасына берген сұхбаты барысында.

Роза Рымбаева да өзі жайлы түсірілгелі жатқан фильмге қатысты пікір білдірді. Эстрада жұлдызы бұл туынды оның отбасы үшін аса маңызды дүние екенін алға тартты.

"Бұл фильмді біз үшін түсіру - қуаныш. Себебі, бұл біздің отбасымыздың басынан өткен өмір. Бұл кез келген әйелдің басынан өтетін қиыншылықтар. Өйткені, мен сияқты жалғызбасты аналар өте көп. Бірақ, соған қарамастан, барлық қиыншылықты жеңіп, балаларын өсіріп, өзі де жоғары деңгейге көтеріліп бақытты болған аналар көп. Осындай фильм жасаймыз деген ниеттемін. Алайда, шынына келгенде, бұл туындыны түсіруге алғаш болып ұсыныс жасаған Әли болды", -

Киноның режиссері ретінде Қайыржан Орынбеков, ал музыкалық продюсер болып Эмиль Досов таңдалды. Актерлер кастингісін Әли Оқапов өз мойнына алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902886-ali-oqapov-anasy-roza-rymbaeva-turaly-film-tusirmek/

pixel