Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсінбейтіндер көп": Ләйлә Сұлтанқызы феминизмге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатқан феминизм тақырыбына қатысты өз пікірін айтты. Ақпарат өкілінің сөзінше, көпшілік феминист дегеннің мағынасын дұрыс түсінбей жатады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы шу тудырған мәселе жайлы өз ойын Instagram желісі арқылы жеткізген. Тележүргізуші әйел құқығының тең болуына қарсы тұратын қыз-келіншектің көп болғанына қатты таңғалған.

"Бүгіннен бастап Ауғанстанда 12 жастан асқан қыздарға қоғамдық іс-шараларда ән айтуға тыйым салынды. Құдай сақтасын, біз Ауғанстан емеспіз деп отырған шығарсыз. Кейбір пікірлерді көрдім, феминист деген сөздің мағынасын ұқпайды, түсінгісі де жоқ. Феминизмге, әйел құқығының тең болуына, көзі ашық білімді болуына, саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайының жақсаруына қарсы тұратын қыз-келіншектің көп екені таңқалдырды. Сонда сіз қызыңыздың оқығанын-тоқығанын, ел-жер көргенін (шамадан тыс еркіндік туралы айтып тұрғам жоқ), өз құқығын білгенін қаламағаныңыз ба" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Ақпарат өкілінің бұл жазбасы бірден желідегілер арасында қызу талқыға түсті. Оқырмандардың бір бөлігі тележүргізушіні қолдаса, енді бірі оның пікіріне қарсы шықты.

Ләйлә Сұлтанқызы парақшасында басталған пікірталасқа араласып, желі қолданушыларын сабырға шақырды.

"Қыздар, ұрсыспайықшы. ЛГБТ мен феминистерді шатастыруға болмайды. Бұл шерудің бір кемшілігі солардың араласып кетуі. Әйтпесе феминизм сіз бен біздің құқығымызды қорғайды. Көзіңіз ашық, білімді, ең әдемі жандарсыздар, бәрін түсініп отырсыздар деп ойлаймын" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902910-tusinbeitinder-kop-laila-sultanqyzy-feminizmge-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel