Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова: Ұлымыз ерін әкелсе, қызымыз қыз құшақтап келсе не істейміз

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Алматыда өткен феминистер шеруіне қатысты өз ойын айтты. Ол аталмыш наразылық шарасын және оны қолдаған адамдарды түсінбейтінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова әйел заты қорланатын емес, қорғалатын жан екенімен толықтай келіседі. Алайда, ол мұндай шеруге шықпай тұрып, алдымен ойлануға кеңес берді. Актриса дос пен дұшпанды ажырата білудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

"Қой терісін жамылған қасқырдың жемтігі боп қалмайық. Кішкентай кезде бізді біреу ренжітсе ағамызға не әкемізге айтатынбыз. Себебі олардың бізге қорған екенін білдік. Нағашымызға “арқалашы, көтерші” деп еркелей өстік. Себебі еркелете алатынына сендік. Бойжете келе сөз салған сүйіктімізге, “иә” деп, отбасын құруға келісім бердік. Себебі одан болашақ отағасын көрдік. Ал уақыт өте пайда болатын отбасы ішіндегі түсініспеушілік ер мен әйелдің екеуара мәселесі-мәмілесі еді. Екеуінің ықтиярлығымен бір шешімге келетін тек екеудің әңгімесі. Ал шеттен шыққан жағдайда заң бар, құқық бар. Үндесе де, үндемесе де - ол да өз таңдауы.

Кешегі шеруді және сол шеруді қолдаған қоғамдық ой қалыптастырушыларды түсінбедім, түсінбеймін де. Біз қай кезде сырттан қорған іздеп едік?! Бізді қай кезде сырттан кім қорғаған еді?! “Сені қорғаймын” дегенге сеніп, жат идеологияның құрбаны боп кетпейік! Иә, әйел мазақ болатын емес, мадақ қылатын жан! Иә, әйел қорланатын емес, қорғалатын жан! Бірақ біз шеруге шықпай тұрып досымыз бен дұшпанымызды ажыратуымыз керек. Егер алда-жалда ұлымыз келін емес, ерін әкелсе, қызымыз қыз құшақтап келсе, біз не істейміз - сіз не істейсіз" , - деп ағынан жарылды Әбдікәрімова Instagram желісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903003-zuldyz-abdikarimova-ulymyz-erin-akelse-qyzymyz-qyz-qusaqtap-kelse-ne-isteimiz/

pixel