RU

"Ажырасты" деп талқыға қалған Қайрат пен Жұлдыз ұлдарының туған күнін бірге атап өтті

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Видеодан кадр

Соңғы кезде ел арасында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы қызу талқыланып жатыр. Қалың көпшілік әлеуметтік желіден бір-бірін өшіріп тастаған ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткенін болжап жазған еді. Алайда, бұл қуаесеттер шындыққа жанаспайтын көрінеді. Оған жұлдызды жұптың тарап кеткен жаңа видеосы дәлел болмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көптен бері бірге бой көрсетпей кеткен Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ұлдарының туған күнін ерекше атап өтті. Ерлі-зайыптылар перзентінің достарын жинап, оған керемет тосын сый жасаған.

Нарұлдың құрметіне ұйымдастырылған көңілді шарада түсірілген видео мен фотолар Instagram желісіндегі түрлі парақшаларға тарап кетті. Бейнежазбаға қарап, жұбайлардың арасында қандай да бір түсініспеушілік пен кикілжіңнің бар екенін айтуға келмейді. Қайрат пен Жұлдыз суретке құшақтасып түсіп, өздерін нағыз ғашық жандар секілді ұстайды.

Оған қоса, Қайрат Нұртас ұлының туған күніне келіп, келіншегіне алып гүл шоғын тарту етті.

Желі қолданушылары бірден аталмыш бейнежазбалардың астында қызу пікірталас ұйымдастырып, жұлдызды әулетке қатысты өз пікірлерін жаудырды. Олардың кейбірі ерлі-зайыптылардың қайта татуласқанын айтса, енді бірі жұбайлардың арасында ұрыс-керістің мүлдем болмағанын жазуда.

"Ажырасты дегендерге арналады. Отбасы көріп тұрғандарыңыздай бірге" , "Өтірік екенін біліп едім. Қайрат пен Жұлдыздың айырылысуы мүмкін емес" , "Елдің шығарып алған өсегі ғой. Олар әлі де бірге" , "Құшақтасып тұрған тұрыстарын-ай", "Қайта татуласқан секілді ғой" , "Қайрат отбасын сағынып қалған сияқты" , "Меніңше, бірге тұрмайтын секілді. Жұлдыздың көзқарасынан көрініп тұр. Бұрын болған қуаншы көздерінде жоқ" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903542-azyrasty-dep-talqyga-qalgan-qairat-pen-zuldyz-uldarynyn-tugan-kunin-birge-atap-otti-video/