"59 жасқа толар еді ": Меруерт Түсіпбаева марқұм Берік Ысмайыловты еске алды
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі досы әрі ағасындай болып кеткен дизайнер Берік Ысмайыловты есіне алды. Эстрада жұлдызы марқұмның туған күнінде оған деген сағынышын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында Берік Ысмайыловқа жантебірентерлік жазба арнап, оған деген қимастығын білдірді.
"Былтыр, дәл осы күні, Бекеңнің туған күнін , дүркіретіп атап өтіп едік. Соңғы туған күні екенін кім білген. Бүгін 59 толар еді. Коңілді, ашық, жомарт адам еді. Қимаймыз. Амал бар ма?! (Қайран өмірғ жалт етіп - жоқ болған) Артыңызда қалған жұбайыңыз, дос- туыс, балаларыңыз, немерелеріңіз ғұмырлы болсын! Жаныңыз жәннәтта болсын, асыл досым", - деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары досына сағынышын жеткізген әншіге қолдау білдіріп, оны жұбатуға тырысты.
"Әлі күнге дейін осы кісінің жоқ екеніне сенбейміз. Жаны жанатта болсын", "Иманды болсын былтырғы жылы талай елімізге керек өнер адамдары қоғам белсенділері індет құрбаны болды досыңыздың орны пейіш төрінен болсын", "Қаншама оқушылары қалды артында! Өмірдің мұраты сол емеспа! Жаны жəннəттə деп сенемін. Мəңгі жүректе қалатын адам", "Өте жас кеткен екен, өкінішті.Қазақстанның сән Әлеміне өзінің улкен үлесін қосқан ағамыз еді. Қазақ әйелдерін сәнді киімдерімен гүлдендіретін нағыз өзі ісінің маманы еді. Иманды болсын" , "Қанша керемет жандар кете барды. Иманды болсын" , - деп жазды халық.
Еске сала кетейік, Берік Ысмайылов өткен жылдың 7 шілдесінде пандемия шарықтап тұрған кезде өмірден өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903545-59-zasqa-tolar-edi-meruert-tusipbaeva-marqum-berik-ysmaiylovty-eske-aldy/