Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі дизайнер Берік Ысмайылов қайтыс болды

Опубликовано:

Отандық танымал дизайнер Берік Ысмайылов өмірден өтті. Өнер жұлдыздарын киіндіретін маманның мезгілсіз қазасы туралы қаралы хабарды эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева жеткізді. Ол өз ағасындай болып кеткен сәнгердің көз жұмғанына сене алмай, оған жантебірентерлік жазба арнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/berik_ismailov_designer.
Фото: Instagram/berik_ismailov_designer.: Instagram

Меруерт Түсіпбаева Берік Ысмайыловтың өмірден озғанын тым ауыр қабылдағанын жасырмады. Өнер иесі белгілі дизайнермен өте жақын араласқан.

"Алтын ағам-ай. Бұл фәни жалғанда, сіздің енді жоқ екеніңізге қалай сенейін. Енді, бұдан былай, сіздің күлкіңізді естімейтініме. Сізді "Италиядан не әкеледі екен" деп күтпейтініме. Сізге еркелемейтініме. Сізбен енді сырласпайтыныма. Сенейін бе?Иманды болыңыз. Сіздің еңбегіңізді бағаламасам, ренжітсем, егер, жақсы дос бола алмасам, кешіріңізші мені, Беке" , - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Танымал жұлдызды сәнгердің неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

Оның қазасының себебін жақын досы Меруерт Түсіпбаева да жария еткен жоқ.

Желі қолданушылары қаралы хабардан соң, бірден дизайнердің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, досынан айырылып қалған әншіні жұбатуға тырысты..

KAZ.NUR.KZ редакциясы Берік Ысмайыловтың жанұясы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1863674-belgili-dizajner-berik-ysmajylov-kajtys-boldy/

pixel