RU

"Қуыршақ": Қысқа көйлек киген Ерке Есмахан ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде қысқа әрі ашық образдағы суретін жариялап, ер-азаматтардың назарын өзіне аударды. Өнер иесін мұндай кейіпте көрмеген жанкүйерлері оның таңдауына түскен киім үлгісіне қатты таңғалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан қызу талқыланған фотсын Instagram парақшасында жариялап қойған. Суретте эстрада жұлдызының кеуде тұсын ашып тұратын қысқа қара көйлек киіп алғанын көруге болады. Өнер иесі бұл образбен кезекті телевизиялық түсірілімге шыққан көрінеді.

Әдетте, ел адына ұзын әрі есте қаларлықтай кейіпте шығатын өнер иесінің таңдауы бұл жолы қысқа киімге түскені оның жанкүйерлерін қатты таңғалдырған. Кейбірі тіпті Еркенің стилінің өзгеруіне оның сүйіктісі Азамат Зенкаевтың қатысы бар деп болжады.

"Аздап қысқа" , "AZдап өзгеріс деңіз" , "Ұят мына көйлек" , "Ерекше образдарыңыз қайда?" , "Азамат өміріңізде пайда болғалы көп нәрсеңіз өзгерді. Енді міне киіну стиліңіз де өзгеріп кетіпті" , "Көзге үйреншікті болмай тұр. Сізді ұзын образдарда көріп үйреніп қалыппыз" , "Жараспаған киімді киіп ел алдына шығып та керек емес тәрізді. Артыңнан қара көйлектей қара сөздер ерітіп" , "Az стиліне өзгерту енгізген" , - деп жазуда көпшілік.

Сонымен қатар, әншінің мінсіз мүсініне тәнті болып, көздерін ала алмаған ерлер де өздерінің пікірлерін қалдырған. Олар өнер иесіне жылы лебіздерін білдіріп, кейбірі тіпті сезімдерін де жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903764-quyrsaq-qysqa-koilek-kigen-erke-esmaxan-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-foto/