Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім ғой": Қайрат Нұртас әйелімен түскен ерекше суретімен бөлісті

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова екеуінің махаббатқа толы фотосын жариялап, жанкүйерлерін қуантты. Ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткенін болжаған көпшіліктің күдігі бір мезетте сейілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас жарымен түскен фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Суретте жұбайлардың құшақтасып тұрғанын көруге болады. Белгілі болғандай, аталмыш фото жұлдызды жұптың ұлы Нарұлдың туған күн кешінде жасалған.

Қайрат Нұртас желіде Жұлдыз Әбдікәрімованы "жүрегім" деп атаған.

Бақытты сәттерімен бөліскен ерлі-зайыптылар бұл әрекетімен өздерінің ажырасып кеткенін болжап жүрген қалың көпшіліктің күдігін сейілтті.

Желі қолданушылары көпбалалы ата-анаға жұптарыныңз жазылмауын тілеп, өз ыстық ықыласын білдіруде.

"Алла бере салған жеңге! Бақытты болыңыздар" , - деп алғашқылардың бірі болып жазды Төреғали Төреәлі.

"Бірге екенсіздер ғой, қорқып кетіп едім" , "Бақытты болыңыздаршы, ұрыспаңыздаршы" , "Керемет жұпсыздар" , "Екі дүние бақытына кенеліңдер" , "Жұлыз соңғы кезде қасыңыздан көрінбей кеткенге алаңдап қалып едік. Енді көңіліміз орнына түсті" , "Отбасыларыңызға бақ-береке мен шаттық нәсіп етсін" , "Жұптарыңыз жазылмасын" , "Ажырасып кетті деп шошытып еді. Бәрі дұрыс екен ғой" , "Барлығы қауесет болғаны ғой. Сіздердің бірге жүргендеріңізге қуаныштымын" , - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903767-zuregim-goi-qairat-nurtas-aielimen-tusken-erekse-suretimen-bolisti/