Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім сұрамаймын": Сейфулин Жолбарыс атышулы видеосына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Сейфуллин Жолбарыс
Сейфуллин Жолбарыс. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс желіде елдің қызу талқысына қалған видеосына қатысты быр шындықты айтты. Белгілі болғандай, дүкен сатушысымен жанжалдасқан өнер иесінің ісі сотқа дейін барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сейфуллин Жолбарыс атышулы бейнежазбадан кейін елдің қатаң сынына ұшыраған болатын. Алайда, өнер иесі халық алдында бұл әрекеті үшін кешірім сұрамайтынын кесіп айтты. Әншінің сөзінше, ол сахнада ерсі қылықты танытқан емес.

"Негізі ол бір түсініспеушілік болған. Күнделікті болатын жағдайлар ғой. Соны біреулер түсіріп алып, салып жіберді. Мен белгілі азамат болған соң, соны пайдаланды. Дүкендерде күнде сатушы мен тұтунушы арасында келіспеушіліктер болып тұрады.
Екіншіден, барлығы маған халықтан неге кешірім сұрамайтынымды айтуда. Мен кешірім сұрамаймын. Себебі, ол менің жеке өмірім. Мен сахнада біреуді солай қуалап жүрсем, мен кешірім сұрайтын едім. Біреу менің жеке өмірімді түсіріп алды да, көпшілікке көрсетті. Бірақ, сол видеоның арқасында мен бір жаңажылдық киноға түстім. Сол үшін мен ол видеома да рахметімді айтамын. Бұл жағдайдың жақсы жақтары да бар" , - деді ол.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызының елді шулатқан мәселесі сотқа дейін барған болып шықты.

"Сотқа дейін барды. Видко шыққан соң, маған хабарласып, дүкеншімен сөйлескен. Оқиғаның мән-жайын анықтады, зерттеді. Алайда, екі тараптан да шағым болмағандықтан жабылды. Ол жерде ешкімнің ешкімге өкпесі жоқ. Болмайтын жерде туындаған ұрыс-керіс, түсініспеушілік" , -деді Сейфуллин Жолбарыс "Опмай-опмай" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903780-kesirim-suramaimyn-seifulin-zolbarys-atysuly-videosyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel