Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл сұмдықты тоқтату керек": Алтынай Жорабаева "жыныс ауыстыру" қаулысына шүйлікті

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева орамалмен
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде жыныс ауыстыру мәселесі жайлы тарап кеткен ақпаратқа қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі бұл жағдайға түбегейлі қарсы екенін ашық жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева жыныс ауыстыру мәселесіне шүйлігіп, Instagram парақшасында азулы жазба жариялады. Өнер иесі ел арасында қызу талқыланып жатқан жағдайға қатысты өз қарсылыған білдірді.

"Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді! Адамнан иман кетсе, ұят кетеді! Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыныс ауыстыру отасына рұқсат қаулы шығарды! Президент мырза қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз? ЛГБТ-ның жағдайы үшін барлық жағдай жасауға дайынсыздар ма, сонда? Алланың қаһарына ұшырап кетпесек болғаны. Қаншама мұқтаж отбасы бар. Қаншама ауру балалардың еміне дәрі таппай отыр? Димаш аударған қаржы сол мұқтаждарға бөлінсін. Мына сұмдықты тоқтату керек.
Дамыған 50, 30 елдің қатарына кіру үшін, сөз бостандығы, ой бостандығы, “интернеттің жылдамдығы” , “ жолдың сапасы” сияқты адамның құқығы деген де бар-мыс. Енді сол адам құқығының ішіне, осы жыныс ауыстыру деген де кіреді екен! Егер осының барлығы орындалмаса, 50, 30 елдің қатарына кіре алмай қалады екенбіз. Бүйткен дамыған елінің. Бәрібір жыныс ауыстыруға рұқсат бар екен" , - деп жазды Жорабаева.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі әнші айтып отырған ақпаратты жоққа шығарған еді. Яғни ведомствоның хабарлауынша, елімізде жыныс ауыстыру отасы тегін жасалады деген мәлімет шындыққа жанаспайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903900-bul-sumdyqty-toqtatu-kerek-altynai-zorabaeva-zynys-auystyru-qaulysyna-suilikti/

pixel