Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"27 жыл көрмедім": Нұрбек Мәдиев ұлы туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Нұрбек Мәдиев
Нұрбек Мәдиев. Фото: Видеодан кадр

«Бауыржан шоу» театрының актері Нұрбек Мәдиев отбасы жайлы көпшілік білмейтін мәліметтермен бөлісті. Белгілі болғандай, өнер иесі тұңғышын 27 жыл көрмеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрбек Мәдиев жанұясына қатысты жан сырын "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында ақтарған.

Актер студентік кезде Лиза есімді арумен шаңырақ көтеріп, кейін дәм-тұзы жараспай ажырасқан. Бұрынғы әйелі өзімен бірге 4 жасар баласын да ала кетеді. Бұл жайттан кейін өнер иесі тұла бойы тұңғышымен байланысын үзіп алған. Әкесі мен баласы бір-бірін 27 жыл көрмеген болып шықты.

Баладан айрылу бәрінен бұрын 4 жасына дейін бауырына басып баққан актердің ата-анасына ауыр соққан.

"Лиза екеуміз жатақханада тұрдық. Тұңғыш ұлымды менің әке-шешем бақты. Олар бауыр басып қалған шағында әйелім алып кетті. Құдалар бір-бірін түсінісе алмады. Құдалар ұрысып жатқаны маған ауыр тиді. Сосын ажырасайық дедім. Әйелім ұлын алып кетті. Сол кеткеннен өзін де, ұлымды да көрмедік" , - дейді.
Бексұлтан есімді тұңғышын актердің көрмегеніне 27 жыл болған. Актердің жүрегін ауыртқан жайт, әкесінің сол немересін қайта көре алмай, дүниеден өтуі. Өнер иесінің анасы да тұңғыш немересін әлі де сағынатынын, көргісі келетінін көзіне жас алып, жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрбек Мәдиев отбасылық өмірі туралы бар шындықты айтқан болатын. Екі некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі бүгінде үшінші мәрте үйленген. Алайда, актер үш келіншегін де жақсы көретінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903978-27-zyl-kormedim-nurbek-madiev-uly-turaly-bar-syndyqty-aitty/

pixel