Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікте балалардың болмағанына шүкір": Актриса Айнұр Ильясова жол апатына түсті

Опубликовано:

Айнұр Ильясова
Фото: Instagram/ainur_ilyasova

Отандық танымал актриса Айнұр Ильясова жол апатына түсті. Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желілерінде хабарлаған. Ол оқиға орнынан фото мен видеолармен бөліскен. Киножұлдыздың айтуынша, жол-көлік оқиғасына себепші жас жігіттің өзі де шошып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айнұр Ильясова жол-көлік оқиғасына тап болғанын Instagram парақшасында хабарлаған. Көзіне жас алған актриса жанкүйерлеріне видео жолдады.

"Таңым жақсы басталып еді. Бірақ, ойламаған жерден бір көлік келіп мені соқты. Алда не күтіп тұрғаның білмейсің деген осы" , - деді өнер иесі.

Артынан сабырға келген Ильясова өзі үшін қатты алаңдаған көпшілікке жағдайдың мән-жайын түсіндіріп берген.

"Мен өз жолағыммен жүріп келе жаттым. Бір жігіт кенеттен менің көлігімді соқты. Мен барынша шетке беріп, тежеуішті бастым. Бірақ, бұл жерде бұрылатын жер жоқ, сол себепті осындай жағдай болып қалды. Менің алдыңғы есігім тіпті ашылмайды да, артқы есіктен шықтым. Көлікте балалардың болмағанына шүкір" , - деп айтып берді ол.

Актриса жол-көлік оқиғасынан қатты шошып қалғанын мойындады. Жол апатына себепкер болған ер адам да мұндайды күтпеген болып шықты.

"Жігіт кінәсін мойындады. Мен тазамын. Классика" , - деп жазды Айнұр Ильясова.
Айнұр Ильясова жариялаған Stories
Айнұр Ильясова жариялаған Stories. Скриншот: Instagram/ainur_ilyasova

Киножұлдыз желіде жол апатынан кейінгі көлігінің фотосымен бөлісті. Автоның алдыңғы жағына қатты зақым келген. Ильясова бұл жағдайдан кейін қатты жылағанын айтып берді.

"Достар менің қалым жақсы. Мен көлік үшін жылаған жоқпын. Ол темір жөнделетінін жақсы білемін ғой. Мен өзімнің осындай жайтқа тап болғаным үшін жылаған болуым керек" , - деді актриса.
Айнұр Ильясова жариялаған Stories
Айнұр Ильясова жариялаған Stories. Скриншот: Instagram/ainur_ilyasova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904139-kolikte-balalardyn-bolmaganyna-sukir-aktrisa-ainur-ilyasova-zol-apatyna-tusti/

pixel