Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүние жүзіне танымал "Маска" музыкалық шоуы енді Қазақстанда көрсетіледі

Опубликовано:

Шоу Маска в Казахстане
Фото: Хабар

Әлемге әйгілі «Маска» музыкалық шоуының тұсаукесері отандық телевизияда тұңғыш рет өтеді. Құпия сыр мен интрига өрбіген жобаның басталуына небәрі 2 күн қалды.

Дүние жүзінің 50-ден астам елінде танымал болған «Маска» музыкалық шоуын «Хабар» телеарнасынан 21 наурыз күні, сағат 19:15-те тамашалай аласыздар. Бүгінгі таңда қатысушылардың бесеуінің киім үлгілері белгілі болды, олар: Алтын адам мен Көбелек, Арқар,Тауыс және Барыс.

Шоу Маска в Казахстане
Фото: Хабар

Айта кетейік, жобада 14 қатысушы бақтарын сынайды. Әрқайсысы әртүрлі кейіпкерлер мен жануарлардың маскаларында өнер көрсетеді. Күмән мен күдікке бой алдырып, таңырқау пен таң қалудан жалықпайтын әділқазы алқалары масканың астында кімнің жасырынып тұрғанын табу керек.

Бір қызығы, қатысушылардың қатарында тек қана әншілер мен музыканттар ғана емес, актерлер, тележүргізушілер, вейнерлер, әзілқойлар мен спортшылар бар. Бірақ оларды тану өте қиын, өйткені қатысушылардың жүздері эксклюзивті маскалармен жасырылған. Конкурс қатысушыларының кім екені сайыстан шығып қалған кездерінде белгілі болады.

Шоу Маска в Казахстане
Фото: Хабар

Әр шығарылымда қазылар алқасының мүшелері жобадан шығатын қатысушыны таңдаулары керек. Жобадан кетер кезде олар маскаларын шешіп, өздерінің кім екенін көрсетеді. Қазылар алқасы мен көрермендердің болжамдары түбінде дұрыс болмауы мүмкін. Шиеленіске толы интрига финалда үш қатысушы қалғанша, үш ай бойы жалғасады. Тек бір ғана қатысушы жеңімпаз атанады және ол арнайы сыйлыққа ие болады.

Шоу Маска в Казахстане
Фото: Хабар

Жер шарын шулатқан «Маска» шоуының қазылар алқасы: Ерке Есмахан, Мейіржан Төребаев, Жанар Айжанова және Марат Оралғазин.

Шоу Маска в Казахстане
Фото: Хабар

Жоба продюсері – Гүлнұр Мамасарипова. «Маска» музыкалық шоуын ең алғаш «King of Mask Singer» атауымен Оңтүстік Корея таспалаған және аталмыш бағдарлама ол елде әлі күнге дейін ең танымал жобалардың бірі болып саналады. Көрші Ресей мен Украина мемлекеттерінде де аталмыш музыкалық шоу жоғары сұранысқа ие. Қазақстан аталмыш вокалды телешоуын көрсетілетін 55-ші мемлекет болды.

«Маска» шоу-бағдарламасының тұсаукесері 21-ші наурыз күні, сағат 19:15-те «Хабар» телеарнасыннан жіберіп алмаңыздар. Жоба әр жексенбі сайын, дәл осы уақытта көрермен назарына ұсынылып отыратын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904209-dunie-zuzine-tanymal-maska-muzykalyq-souy-endi-qazaqstanda-korsetiledi/

pixel