Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Мадина Оспанова алғаш рет ана атанбақ (видео)

Опубликовано:

Мадина Оспанова жолдасымен
Фото: Видеодан кадр

"Ұлы дала комедиясы" фильмінде Төреғалидің сүйіктісін сомдаған актриса Мадина Оспанова аяғы ауыр екенін растады. Киножұлдыз жолдасымен бірге бала жынысын анықтайтын "гендер-пати" ұйымдастырып, қалың көпшілікке қуанышты жаңалығын хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Оспанова жақында алғаш рет ана атанбақ. Қуанышы қойнына сыймаған актриса бұл жаңалықпен бірден жанкүйерлерімен бөлісуді жөн көрген. Ол Instagram парақшасында "гендер-пати" кезіндегі видеомен бөлісіп, тіпті болашақ сәбиінің жынысын да жария еткен.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды шын жүректен құттықтап, өз ақ тілектерін жаудыруда. Олардың айтуынша, бұл жұбайлардың көптен күткен перзенті болмақ.

"Құттықтаймыз, аман-есен босануыңызды нәсіп етсін" , "Көптен күткен сәби ғой. Мадина сіз керемет ана боласыз" , "Көптен бері көтере алмай жүрмін деуші еді. Жарайсың, сен үшін қуаныштымыз" , "Керемет жаңалық. Ерлі-зайыптылар бақытты болсын" , "Аман-есен босанып, бауырыңы бас" , "Ұлды болады екен" , "Батыр дүниеге келеді жақында" , "Бұл сәбиді ұзақ күтті ғой" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Мадина Оспанова 2019 жылы тұрмысқа шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904551-aktrisa-madina-ospanova-algas-ret-ana-atanbaq-video/

pixel