"Ұлы дала келіндері": Бірге серуендеген Жұлдыз бен Толқынға ел сүйсінді (видео)
Жарияланған күні:
Желіде Жұлдыз Әбдікәрімова мен Толқын Тұрарбекқызының бірге тауда серуендеп жүрген сәтінен видео пайда болды. Қос келіншектің бейнежазбасы бірден елдің ыстық ықыласына ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Нұртас пен Төреғалидің әйелдері Алматы қаласында жолығып, бірге уақыт өткізген. Бұл жайында қос келіншектің Instagram парақшаларынан белгілі болды.
Жұлдыз Әбдікәрімова мен Толқын Тұрарбекқызы бірге тауда жүрген видеосын жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті. Олар бұл жазбаларымен ел арасында екеуіне қатысты тарап кеткен қауесеттерге нүкте қойды.
Сонымен қатар, жүздесу барысында Қайрат Нұртастың жары Төреғалидің келіншегінен сұхбат алған. Бұл Толқын Тұрарбекқызынығ алғашқы сұхбаты болды.
"Абысын тату болса ас көп. Қазақтың қыздары бір-біріне әпке, сіңілі, келін, абысын. Бөтені жоқ. Ел ішіндегі алып-қашпа әңгімелер мен қисынсыз салыстыруларға нүкте қоятындай керемет сұхбат болды. Ұлы дала келіндері жасасын" , - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
"Парақшамның ашылғанымен ең алғашқы болып құттықтап, қандай да сұрақтарым болса, қол ұшын білдіремін деген ниетіңізге рахмет. Міне, жаңа жобаның тұсауы кесілді! Ең алғашқы сұхбатым, абысындардың жүрекжарды әңгімесі. Үлкендіктің белгісі - кішіпейілдікті білдіріп тұрған Жұлдызды өзім тағы бір қырынан танығандаймын" , - деген жазба қалдырды Толқын.
Желідегілер оларға сүйсіне қарап, өз жылы лебіздерін білдіруде. Көпшілік қос әншінің келіншектері өзара тату екендеріне тәнті болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904611-uly-dala-kelinderi-birge-seruendegen-zuldyz-ben-tolqynga-el-suisindi-video/