Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғы ауыр": Ақбота Сейітмағамбеттің суреті желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет тағы да ел аузында. Бұл жолы өнер иесінің соңғы жариялаған фотосы желіде қызу талқыға қалған. Онда шоу-бизнес жұлдызының "іші шығып қалғанын" көруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Ақбота Сейітмағамбеттің суретіне қарап, оның аяғы ауыр екенін болжауға кірісті.

Кейбір оқырмандар әншіні тіпті танымай қалған. Оған өнер иесінің стилін түбегейлі өзгертіп тастағаны себеп болған. Фотодан актрисаның шаш үлгісін ауыстырып, іші шығып қалғанын байқауға болады.

Аталмыш суретті ол Instagram парақшасында жариялап қойған.

"Тағы да аяғы ауыр ма?" , "Шашың күшті екен" , "Жаңа шаш үлгісі де, жүкті кейіп те жарасады екен" , "Осы күн бұйырсын. Тағы ана бақытына бөленіңіз" , "Шынымен жүкті ма өзі?" , "Түсірілім болып тұр ғой?" , "Қашан үлгерген?" , "Рөл сомдап жүрген секілді" , - деп жазуда халық.

Ақбота Сейітмағамбет аталмыш фотоның көпшілік талқысына қалатынын күткендей бірден оған қатысты түсініктеме жазған.

Әншінің сөзінше, бұл оның кезекті түсірілімі кезіндегі образы екен. Ол өз жанкүйерлеріне жақында жаңа жобада бой көрсететінін айтып қуантты.

Айта кетейік, Ақбота Сейітмағамбет өткен жылы жолдасы Дәурен Айдарқұловпен заңды түрде ажырасып кеткен болатын. Қос жұлдыздың ортақ екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904845-ayagy-auyr-aqbota-seiitmagambettin-sureti-zelide-qyzu-talqyga-tusti/

pixel