Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маска" шоуының бірінші шығарылымы "Хабар" телеарнасынан көрсетілді

Опубликовано:

"Маска" шоу
Фото: Хабар

Әлемге әйгілі «Маска» музыкалық шоуының жұмбаққа, сырға, интригаға толы екеніне «Хабар» телеарнасының көрермендерінің көзі жетті. Оған себеп, 21 наурыз күні аталмыш шоудың алғашқы шығарылымы көрерменге жол тартты. Жобаның бірінші бөлімінде-ақ, өнер көрсеткен 7 қатысушының кім екенін әп-сәтте тауып, танып аламыз деп ойлаған төрешілер де, көрермендер де бағдарлама соңында сан соғып қалғандай.

Сананы сан тарапқа сабылтқан, елімізде бұрын соңды болмаған «Маска» музыкалық шоуын «Хабар» телеарнасынан әр жексенбі сайын, сағат 19.15-те тамашалай аласыздар.

Біз бұл жолы жобаның эфирден өткен бірінші санына қысқаша шолу жасауды ұйғардық.

«Менімен сөйлеспеңіз!»,- деген жазумен үстілеріне киім,беттеріне қара маска киген қатысушылар жоба алаңында да, дайындық барысында да құпиялықтарын осылайша барынша сақтап қалған.

"Маска" шоу
Фото: Хабар

Бұл - жоба ұйымдастырушыларының барлық сақтық шараларын қадағалауды жіті қолға алғандығының дәлелі болса керек.

Сонымен, жобаның он төрт қатысушысының жетеуі 21 наурыз күні, «Хабар» телеарнасының эфирінен өткен бірінші шығарылымында бой көрсетті. Олар: Арқар, Көбелек, Барыс, Айдаһар, Тауыс, Алтын Адам, Қызғалдақ.

Әр қатысушы ән айтуға кіріспестен бұрын, олардың кім екенінен қандай да бір белгілер беретін бейнеролик көрсетіліп отырды. Әділқазылар алқасы сол белгілерді ескере отырып, масканың астында кімнің тұрғанын болжаулары қажет. Бірінші шығарылымда жүргізушінің сауалдарына қатысушылар өз құпиялықтарын барынша сақтап қалу үшін тек іс-қимылмен, ым-ишарамен жауап берумен болды.

"Маска" шоу
Фото: Хабар

7 қатысушы өнерлерін ортаға салып, әндерін шырқады. Жоба ережесіне сәйкес,алғашқы айналымның соңында қауіпті аймаққа өтетін екі қатысушыны ортаға шығарып, төрешілер жобадан шығып, маскасын шешетін кейіпкерді таңдады. Бірінші айналымның қорытындысы бойынша, қауіпті аймаққа Тауыс пен Айдаһар түсіп қалып, нәтижесінде Тауыс жобадан шығып қалды. Және ол масканың астында актриса, «Қазақ аруы - 2014» сұлулық байқауының жеңімпазы – Гүлназ Жоланованың жасырынғаны белгілі болды.

"Маска" шоу
Фото: Хабар

Еске сала кетейік, қатысушылардың қатарында тек қана әншілер мен музыканттар ғана емес, актерлер, тележүргізушілер, вейнерлер, әзілқойлар мен спортшылар бар. Бірақ оларды тану өте қиын, өйткені қатысушылардың жүздері эксклюзивті маскалармен жасырылған. Төрткүл дүниені таң қалдырудан танбаған «Маска» шоуының қазақстандық нұсқасының қазылар алқасы: Ерке Есмахан, Мейіржан Төребаев, Жанар Айжанова және Марат Оралғазин.

Жоба продюсері – Гүлнұр Мамасарипова.

Екінші айналымда бой көрсететін қалған 7 қатысушының кейіпкерлерімен таныс болғыңыз келеді ме? Бұл жолы кімнің маскасы шешіледі? Бұл сұрақтардың жауабын 28 наурыз күні, «Хабар» телеарнасынан, сағат 19.15-те бірге тамашалауға шақырамыз!

«Маска» музыкалық шоуынан көрігі қызған қызықтың көкесін жіберіп алмаңыз.

Бірінші шығарылым төмендегі сілтемеде:

https://khabar.kz/kk/m-ra-at/ba-darlamalar/item/132389-maska-1-shygarylym

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904856-maska-souynyn-birinsi-sygarylymy-xabar-telearnasynan-korsetildi/

pixel