Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі: Дүниені сүйіп, адамдарды пайдаланып кеттік

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде терең ойлы жазба жариялап, оқырмандарын тәнті етті. Өмір жайлы өз толғауымен бөліскен әртістің сөздері көпшіліктің көңілінен шыққан. Алайда, оны сынға алғандар да болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі халықтың қызу талқысын тудырған жазбаны Instagram парақшасында жариялаған. Онда ол өмір жайлы өз ойын жеткізген.

"Адамдар сүю үшін, дүние пайдалану үшін жаратылған. Біз дүниені сүйіп, адамдарды пайдаланып кеттік" , - деп Тибет елінің рехани көшбасшысы Далай-ламаның сөздерін келтірді ол.

Желі қолданушылары әртістің жазғанымен келісіп, оған өз қолдауын білдірген. Алағашқылардың бірі Қайрат Нұртас болды. Өнер иесі аталмыш жазбаның астына қошеметтің смайлын қалдырып кеткен. Одан басқа Кенжебек Жанәбілов пен Жазира Байырбекова да Төреғалиге тәнті болған.

"Керемет айтылған сөздер.Дүниеге көзіміз тоймайды ғой" , "Дұрыс айтылған әңгіме екен" , "Соны енді түсіне бастағансың ба?" , "Ақыл кіре бастаған болар" , "Дұрыс айтқансың. Өмір қазір сондай болып кетті" , "Айтпашы, дәл түстің. Бұл ащы болса да шындық" , - деп жазуда көпшілік.

Кейбір оқырмандар басқа пікір білдірді.

"Олардың бірі менмін ба?" , "Өзі туралы шындықты жазыпты" , "Дұрыс айтасың тойларға шығу үшін миллиондар алып, дүниені суйіп адамдарды пайдаланып жүрсіңдер" , - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі тойда ұсталып, дауға қалған Қайрат Нұртасқа өз қолдауын білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905172-toregali-toreali-dunieni-suiip-adamdardy-paidalanyp-kettik/