Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алуа Қонарова: Бүкіл әлем тыныштықта отырғанда, қазақстандықтар той тойлап жүр

Опубликовано:

Алуа Қонарова айнаға қарап тұр
Фото: Instagram/aluakonarova

Отандық танымал продюсер Алуа Қонарова Қазақстандағы карантиндік іс-шараларға көңілі толмайтынын ашық айтты. Шоу-бизнес өкілі көпшіліктің той-тойлап, сақтық шараларын сақтамайтынына шүйлікті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алуа Қонарова азулы жазбасымен Instagram парақшасында бөлісті. Белгілі продюсер шектеу шараларын елемей жүрген отандастарын қатаң сынға алды.

"Қазақстандағы карантиндік шаралардың әлсіз екені маған ғана емес, біраз адамға белгілі шығар. Бүкіл әлем мейрамханаларын жауып, комендант сағатын орнатып тыныштықта отырғанда, Қазақстан ашық түрде көңіл көтеріп, той тойлап жүр. Шекара ашық. Әлем ақырындап миымен ойланып жатыр. Вакцинация алып жатыр. Вирустың таралуын бақылап отыр. Туристерді қабылдауға дайындалып жатыр. Қазақстан әлі де локдаунда.
Өзге елдегі адамдар бұл вирустың қауіптілігін түсінуде. Олар қыдырып, бітпейтін тойлар жасап жүрген жоқ. Мешіттерге кезекпен кіріп, мейрамханаларда шектеулі адамдар ғана отырады. Яғни, бұл заңдар сақталуда. Неге екенін білесіз бе? Себебі, шенеуніктер өз мемлекетіне, өз халқына бей-жай қарамайтын елде тәртіп бар және адамдар өздерін солай ұстайды. Бізге жүйеде түбегейлі реформалар мен тыңдаушы мемлекет қажет" , - деп жазды Алуа Қонарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905324-alua-qonarova-bukil-alem-tynystyqta-otyrganda-qazaqstandyqtar-toi-toilap-zur/

pixel