Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұғысты болсын": Әнші Әзімбек Байлин қызды болды

Опубликовано:

Әзімбек Байлин жарымен
Фото: Instagram/azimbek_bailin

"Алашұлы" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған әнші Әзімбек Байлин тағы да балалы болды. Өнер иесінің жары оған бұл жолы кестетігер қыз сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалықты Әзімбек Байлиннің өзі Instagram желісінде бөліскен. Ол барша оқырмандарынан сүйінші сұрап, қызды болғанын хабарлады.

Сонымен қатар, әнші бұл күні өнердегі досы ақын Әлібек Серғалиевтің де перзенті дүниеге келгенін айтты. Өнер иелері қос қуанышты тойлатуда.

"Сүйінші қымбатты достар, бүгін Алланың қалауымен дүниеге кішкентай қызымыз келіп жатыр. Бүгін бізде қос қуаныш жиенім, бауырым, құрдасым, сырласым ақын ұлдарыңыз Әлібек Серғалиев та қызды болып жатыр. Негізі солай жоспарлағанбыз, бір күнде деп. Қуанышты бөліссең көбейеді деп сіздермен бөлісіп жатырмыз. Жұғысты болсын" , - деп жазды Байлин.

Желі қолданушылары бірден эстрада жұлдызын құттықтап, кішкентай нәрестеге өз тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, бұл Әзімбек Байлиннің отбасында дүниеге келген үшінші сәби.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905350-suiinsi-ansi-azimbek-bailin-qyzdy-boldy/

pixel