Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсы адам еді": Әбдіжаппар Әлқожа әкесінен айырылған Абдуллинге көңіл айтты

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа күні кеше асқар тауы әкесінен айырылған өнердегі досы Нұрболат Абдуллинге қайғыра көңіл айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі Instagram парақшасында жантебірентерлік жазба жариялап, ел жүрегін елжіретті. Әбдіжаппар Әлқожа марқұмға өлең жолдарын арнап, досын барынша жұбатуға тырысқан.

"Жақсы адам еді жаратылысы бөлекше, Жақсылық жасап жүретін елге ерекше. Жақсы адам еді жалпыға жаққан қашан да, Жақсы адам осы Құдайға ғана керек пе?!

Әкеміздің арты хайырлы, иманы саламат болсын досым. Ауыр қайғыңа ортақпын. Алланың нұры көктен жауып, жаңбырға қар араласып аспанымызды түнерткен ауыр қаза болды бұл. Осы жауынмен түскен әрбір періштелер "әумин" деп Алла әкемізді рахым нұрына алсын. Жәннат уль Фирдаусидан орын бергей.
Досым сенің отбасың үшін және біздей бауырларың үшін ауыр қайғы болды. Қайғыңа ортақпыз. Мойыма,жасыма. Мықтыға берілер сынаққой. Құлын қалпыңнан нар атанның жүгін көтеріп, еңбегіңмен елге ерке болып, ата анаңның батасын алған ұлсыңғой. Сынақты Алла көтере алатын пендесіне бередіғой. Ағаларым,әпке қарындасым, анашымызға қайғыра көңіл айтамын" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, күні кеше эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллиннің әкесі өмірден өткені белгілі болды. Қаралы хабарды алғашықлардың бірі болып Қайрат Нұртас жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905561-zaqsy-adam-edi-abdizappar-alqoza-akesinen-aiyrylgan-abdullinge-konil-aitty/