Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қанша өмір сүретінім белгісіз": Өлім туралы айтқан Дәурен Айдарқұлов елді алаңдатты

Опубликовано:

Дәурен Айдарқұлов
Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Жақында ғана үшінші мәрте үйленуге ниетін білдірген актер Дәурен Айдарқұлов енді өлім туралы айтты. Өнер иесі қанша өмір сүретінін өзі білмейтін болғандықтан, барынша көп жақсылық жасауға тырысатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов терең ойлы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Актер өлім туралы сөз қозғап, өзінің барша оқырмандарын алаңдатып қойды.

"Кейде мен тым ашулы әрі қаһарлы боламын. Кейде түк жақтырмай, көңілсіз де боламын. Оған әртүрлі жағдайлар себеп болады. Отбасылық қатынас, жұмыстағы жағдай, қаржылық мәселелер тағы басқалар. Мұндайда дұрыс шешім қабылдап, түзу ойлау мүмкін емес" , - деп жазды ол.

Әртістің сөзінше, енді ол сабырлығын қалыпқа келтіріп, өмірі мен өзінің айналасындағының бәріне махаббатпен қарауға көмектесетін әдіс тапқан. Бұған дейін Айдарқұлов жан жарасын уақыт емдейді деп ойлаған. Алайда, жағымсыз естеліктер оның мұңын одан бетер ушықтыра түскен.

"Енді жаңа әдіс таптым. Махаббат, достық, отбасылық, қандай жағдайға тап келсеңіз де, өлімді еске алыңыз. Өлімнен кейін бәрі тоқтайды. Сондықтан тірі кезімде адамдарға көмектесіп, елге жақсылық жасап, жылылық сыйлақ, жақсы көріп, жақсы қатынас құрғым келеді. Адамдар жақсы жаққа қарай өзгеруге құлықты. Мен қанша өмір сүретінімді білмеймін. Өлімнен қашу мүмкін емес. Тірі күнімде жақсы көріп, құрметтеп, менің жанымда барды бағалаймын" , - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905770-qansa-omir-suretinim-belgisiz-olim-turaly-aitqan-dauren-aidarqulov-eldi-alandatty/

pixel