Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоштасу уақыты келерін біліп қорқып жүрдім" : Тоқтар Серіков анасының өлімі туралы айтты

Опубликовано:

Тоқтар Серіков анасымен
Фото: Instagram/toktar_beibit

Қазақстандық танымал әнші Тоқтар Серіков анасы қайтыс болғанда өзіне қолдау көрсеткен барша достары мен жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Оның анасы Маруся Назарбекқызы 20 наурыз күні өмірден озған болатын. Сонымен қатар, өнер иесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз рахметін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқтар Серіков басынан өткен ауыр жағдайдан кейін енді ғана көпшілікпен байланысқа шықты. Әнші Instagram желісінде жантебірентерлік жазба жариялап, барша желідегі оқырмандарына өз алғысын жеткізді.

Не деп жазарымды білмеймін.Осы қоштасу уақыты келерін біліп қорқып жүретінмін. Анамнан айырылып қалу мен үшін, менің әулетім үшін, менің балашағам үшін үлкен қайғы болды. Соңғы сағатына дейін қасында отырдым. Анашыммен қыймай қоштасттым. Мен үшін ең ауыр осы бір сәт болды.
Құрметті ағайын біздің әулетіміздің қайғысына ортақтасқандарыңыз үшін басымды иіп рақмет айтам. Қайғыны бөліссең азаяды деген сөз тегін емес екен. Көптеген көңіл білдірген ел азаматарының хабарын алып сабырға келдім. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырза анамыздың қайғысына көңіл айтып жедел хат жолдады. Иә, менің анамның осындай ел құрметіне бөленгені ұрпағы үшін үлкен мәртебе. Баршаңызға Алла разы болсын. Ел ана аман болсын" , - деп жазды ол.

Айта кету керек, Маруся Назарбекқызы батыр ана болып табылады. Ол кісі дүниеге 11 бала алып келіп, оларды тәрбиелеп шығарды.

Эстрада жұлдызының өнердегі әріптестері мен желі қолданушылары анасынан айырылған Тоқтар Серіковты барынша жұбатуға тырысқан. Аталмыш жазба астына пікір қалдырған жұлдызды оқырмандар арасында Айгүл Иманбаева, Бүркіт, Сәкен Майғазиев, Мадина Сәдуақасова да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905936-qostasu-uaqyty-kelerin-bilip-qorqyp-zurdim-toqtar-serikov-anasynyn-olimi-turaly-aitty/

pixel