Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сене алар емеспін": Марқұм әкесіне жазба арнаған Нұрболат Абдуллин елді жылатты

Жарияланған күні:

Нұрболат Абдуллин әкесімен
Фото: Instagram/nurbullin

Қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин әкесінің қазасынан кейін алғаш рет көпшілікпен байланысқа шықты. Өнер иесі асқар тауы әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, оған деген сағынышын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин аса әсерлі жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Эстрада жұлдызы онда әкесіне деген махаббаты мен ерекше құрметін білдіріп, енді оның жоқ екеніне сене алмай жүргенін айтты.

Өнер иесі әкесімен бірге іске асыратын көптеген арманы орындалмай қалғанына күйінді.

Сонымен қатар, әнші әкесінің өзінің туған күніне жолдаған құттықтауын жариялады.

"Әкесіз өспедім ғой Аллаға шүкір! Бала боп еркеледім,мейірімін сезіндім, ақылын берді, еңбекке баулыды. Ұлын ұяға,қызын қияға қондырды. Тамаша ана тауып бердіңіз, рахмет әке. Жұбану қиын болғанымен Алла сабыр етуші пендесін сүйеді ғой. Сіз туралы арманым көп еді “әттең-ай!”. Отызыңда дүниеге келген кенже ұлың бүгін 30-ға толды. Бұл құттықтауыңыз енді менің мәңгі жадымда! Жаныңыз жәннатта болсын! Сене алар емеспін, қош әке" , - деп жазды Абдуллин.

Айта кетейік, Нұрболат Абдуллиннің әкесі қайтыс болғаны туралы 30 наурыз күні белгілі болды. Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып әнші Қайрат Нұртас жеткізді.

Абдуллиннің өнердегі досы Әбдіжаппар Әлқожа желіде оған қолдау білдіріп, барынша жұбатуға тырысты. Ол марқұмның қандай адам болғанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1906550-sene-alar-emespin-marqum-akesine-zazba-arnagan-nurbolat-abdullin-eldi-zylatty/