Алмас Кішкенбаевтың ажырасқанын естіген анасы инсульт алған
Жарияланған күні:
Қазақстандағы алғашқы музыкалық телевизиялық музыкалық шоу – "SuperstarKZ"-тің жеңімпазы әнші Алмас Кішкенбаев отбасылық қиындықтары мен сахнадан не себепті көрінбей кеткені туралы айтты. Шаңырағының шайқалуы өміріне ғана емес, өнеріне де салқынын тигізген әртіс ішіндегі сырымен бөлісті.
"SuperstarKZ" жеңімпазы танымал байқаудан кейін продюсер Ләйля Сұлтанқызымен жұмыс жасап, сапалы әндер, бейнебаяндар түсіріп, бір демде бүкіл ел танитын жарық жұлдызға айналды. Алайда, жеке өміріндегі сәтсіздіктер оның шығармашылығына да кері әсерін тигізді.
Шаңырағының шайқалуы, артық салмақ, алып-қашпа әңгімелер Алмас Кішкенбаевты терең күйзеліске ұшыратты. Алмастың ажырасуы әншінің анасына да ауыр соққан. Жайсыз хабарды естіген анасы тіпті инсульт алған.
"Алмасты анасы жеткізді, осында (ред. еск. – Қызылорда) үйлену тойын жасады. Алмастың ажырасқанын естігенде екінші рет инсульт алды, сөйлемей қалды. Қатты жылады. "Мөлдірдің берген уәдесі қайда?" деді. Кезінде махаббат сезімі болған шығар. Бар кезде батып ішті, Алмас қатты қиналғанда неге оған демеу бермеді? Оны жақсы көргені қайда? Неге ол екі қызды екі көзін жылтыратып, жетім қылып қояды?" , - деп көзіне жас алды Алмастың анасының көршісі Роза Құрбанқызы "Ең алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында.
Әлі де жүрек жарасы жазылмаса керек, әншінің өзі бұл тақырып жайында ашылып айтудан бас тартты.
Айта кетейік, бұған дейін Алмас Кішкенбаевтың алғашқы продюсері Ләйлә Сұлтанқызы оның күйзеліске тусуінің себебін ашып айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1906801-almas-kiskenbaevtyn-azyrasqanyn-estigen-anasy-insult-algan/