Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіңісем дегенше қиналдым": Төреғалидің жары өз жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Толқын Тұрарбекқызы
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлінің келіншегі өзінің алғаш келін болып түскен кезі туралы жан сырын ақтарып, басынан өткен оқиғалармен бөлісті. Толқын Тұрарбекқызы жаңа жанұяға сіңісіп кеткенше біраз уақыт бойы қиналғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің жары Instagram парақшасында барша қыз-келіншектерге жазба арнап, оларға өзінің өмірлік тәжірибесі негізінде ақылын айтты. Толқын Тұрарбекқызы келін болу асқан жауапкершілікті талап ететіндіктен, аруларды барынша сабырлы болуға шақырды.

"22 жасымда тұрмыс құрып, келін атандым. Қандай келін боламын деген ой бәріңізде болған шығар. Жастайымнан еңбекке баулып өсірді ата-анам! Балалық шағым таудың бөктерінде, малдың ортасында өтті! Атам мал бағатын! Бізді жасымыздың кішілігіне қарамай жұмсайтын, 5 жасымда малды қайырып кел деп жібергенде, жолда жылан шағып алмаса екен деп жылағаным әлі есімде. Бала күнімнен еңбектен қашқан емеспін. Бірақ келін болып түскенде, сіңісем дегенше біраз қиналдым.

Мәселенің бәрі менің не істей алатынымда емес, келген үйім нені қалайды сода екенін біраз уақытқа дейін қабылдай алмай жүрдім! Яғни жауапкершілікті арқалап ала салу, өзіңмен үлкен жұмысты қажет ететінін сезіну уақытты талап етеді. Тамақ жасау әдісі, шәй ішу үрдісі, бәрі бәрі бөлек.

Сіңісудің бірінші талабы - білмегеніңді енеңнен сұрау екен. Әулетіміз үлкен. Келіндерінің бәрі бірінен-бірі өткен қызметтеріне адал екенін көргенде тіпті уайымдайтынмын. Бірнәрсені бүлдірген кездерімде өзімді жеп қоятынмын. Қолымнан келмейтін шығар деген сенімсіздікте болатын. Мама тамақты өзім істейм дегені, ең ауыры боп көрінді. Менің істегенімді ұнатпағасын өзі істегісі келіп жатыр деп қабылдайтынмын.

Барлық келіннің басынан өтеді, артық сөзді көтере алмаймыз, кейде өзімізді үйдің тірлігін істеп жүргесін ештенеге тұрғысыз сезінеміз-ау. Бүгінде, оңайлықпен қалыптасып кеткендей көрінетін шығар. Бірақ ол да бір жол, бір белес секілді. Ол этаптан өтіп, қазір жаңа этапқа қадам басып келе жатқан сияқтымын. Аллаға сансыз шүкірлер" , - деп ағынан жарылды Толқын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1907439-sinisem-degense-qinaldym-toregalidin-zary-oz-zan-syryn-aqtardy/

pixel