jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Марат Омаров Шымкентте той өткізді: Қонақтар арасында Алтынбекова мен Түнтеков бар (видео)

    Марат Омаров тойда
    Видеодан кадр: azattyq-ruhy.kz

    Отандық танымал әнші Марат Омаров Шымкентте қызының ұзату тойын өткіземін деп басы дауға қалды. Желіде думанды шараның видеолары бірден тарап кеткен. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тойда түсірілген бейнежазбаларға қатысты пікір білдірді.

    Көпшіліктің қызу талқысын тудырған видеоны Azattyq Rýhy басылымы жариялаған. Танымал композитордың қызы Зүлфия Омарованың ұзатуы Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде өткен. Дүбірлі шара қонақтары той барысын видеоға түсіріп алып, желіге жүктеп жіберген.

    Жұлдызды әулеттің қуанышында Сабина Алтынбекова мен Қайрат Түнтеков болған.

    Шымкенттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне шу тудырған бейнежазбаға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, мерекелік шара расымен "Караван" мейрамханасында өткен.

    "Мерекелік жиындарды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қыз ұзатуды ұйымдастырғандар әнші Марат Омаров пен мейрамхана иесі болып табылады" , - деді ведомство өкілдері.

    Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жарияланған видеоның негізінде Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен полиция департаментіне құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғау үшін хат жолдаған.

    Ведомство өкілдері қандай шара қолданғандарын кейінірек хабарлайтын болады.

    Марат Омаров Шымкентте той өткізді: Қонақтар арасында Алтынбекова мен Түнтеков бар (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.