Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мойындайды екенсің": Ғазизхан Шекербеков көпшілікке алғаш рет әйелін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков жарымен
Фото: Instagram/gazizkhan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ғазизхан Шекербеков желіде алғаш рет келіншегімен түскен фотосын жариялап, барша жанкүйерлерін қуантты. Жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын әншінің бұл қадамға баруына не түрткі болғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Ғазизхан Шекербеков отбасылық өмірі туралы көп айта бермейтін жұлдыздар қатарына жатады. Алайда, осы жылы эстрада жұлдызы кенеттен ойын өзгертіп, барынша жанкүйерлеріне ашылуды жөн көрген.

Өнер иесі Instagram парақшасында алдымен балаларының суреттерімен бөліссе, артынан қалың көпшілікке ұзақ уақыт бойы жасырып келген келіншегінің де түрін көрсеткен.

Алайда, әншіге халықтың бұл жайтты қызу талқыға салғаны ұнамай қалған болу керек. Шекербеков көпшілікті шығармашлығынан гөрі жеке өмірі көбірек қызықтыратыны қынжылтқанын айтып қалды. Бұл туралы жан сырын ол "Опмай-опмай" бағдарламасында ақтарған.

"Уақыт өте келе мойындайды екенсің. Өзімнің бұған дейін де, одан кейінде салған суреттерімде лүпіл мен пікір аз. Ал келіншегіммен түскен фотоларымда лүпіл де көп, пікірлер де жетіп артылады. Содан кейін "менің де оқырмандарым да осындай ма?" деген ой қалыптасты. Оларға да "отбасы, әйелі жайлы ғана қызықты ма?" деп ойлап қалдым. Егер мен сол статистикаға қызықсам, ары қарай оның суретін сала беретін едім.

Бірақ, маған жай қызық болды. Салып көрейінші дедім. Онсыз да әйелімнің, отбасымның бар екенін біраз адам біледі ғой. Салыстырып көргім келді. Нәтижесінде өзім мұңайып қалдым. Расымен халыққа қайда жүргенің, не ішіп-жеп жүргенің ғана қызық екен. Оны мен өзімнің парақшамнан-ақ байқадым.

Халықтың белсенділігі артқан бойда мен одан бетер қырсығып, жарыммен фото жүктеуді қойдым. Шынына келгенде бұйыртса жақында үшінші баламның анасы болатын жанды арасында бір көрсетіп, халыққа айтып қоймасқа деген оймен салдым" , - деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908040-moiyndaidy-ekensin-gazizxan-sekerbekov-kopsilikke-algas-ret-aielin-korsetti-foto/

pixel