"Көңілдес болуға жарамаймын": Дана Нұржігіт бұрынғы жолдасы туралы бар шындықты айтты
Жарияланған күні:
Белгілі журналист, ҚР парламенті сенатының депутаты Дана Нұржігіт бірінші некесі жан сырын ақтырды. Ақпарат өкілі бұрынғы жолдасымен ажырасуының себебін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі, жалғыз ұлының әкесі Владимир Рерих туралы өз ойын "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты.
"Ол – менің журналистикадағы ұстазым. Мен "Хабарда" жұмыс істегеніме 4 жылдай болған кез. Ол кісі бірінші болып сезімін білдірді. Мен қалай көңіл білдірем ол кісіге? Ол кісі отбасылы. Ол кісінің маған көңілі, ниеті барын ұқтым. Бірақ бірден айттым. "Мен көңілдес болуға жарамаймын". Мен ондай қарым-қатынастарда нюанс бар дегенді түсінбеймін. Мен үшін не ақ, не қара болуы керек. Сонда ғана ол кісі басы босады. Содан кейін біз қосылдық", - деді тележүргізуші.
Алайда 15 жыл күтіп, балалы болған жұптың бақыты баянды болмады. Ерлі-зайыптылар ажырасуға шешім қабылдаған. Дана Нұржігіт бірінші некесі не себепті сәтсіз аяқталғанын айтып берді.
"Өйткені мен, ол өзгерді, уақыт өзгерді. Біздің ортамыз өзгерді деп те айтуға болады. Иә, өйткені ол кезде мен балалы болдым ғой. Ол балалы келіншекке ондайды айтуға дәті бармады, өйткені Әлім тіпті кішкентай болды ол кезде. Мен өз еркіңде дедім, мүсәпір болғым келмейді, сұраушы болғым келмейді, өз күнімді өзім көре аламын дедім. Мен ешкімді қол жаюға, өзімнің өмірімді сондай жағдайға жеткізуге жол бермеймін. Ол жағынан мен өте намысты адаммын. Қалауың басқа адам болатын болса, бара ғой. Міне босаға, табалдырықты атта да, өміріңнің келесі кезеңіне өте бер дедім" , - деді ол.
Дана Нұржігіт ажырасуан кейін күйзеліске түсіп, ауыр кезеңді басынан өткергенін жасырмай айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Дана Нұржігіт марқұм әкесі туралы естеліктерімен бөлісіп, оған деген сағынышын жеткізді. Тележүргізуші асқар тауы әкесінің өлімі туралы шындықты айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908077-konildes-boluga-zaramaimyn-dana-nurzigit-buryngy-zoldasy-turaly-bar-syndyqty-aitty/