Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артур Төлеповтың отбасы жақында тағы бір сәбимен толықпақ (видео)

Опубликовано:

Артур Төлепов жарымен
Видеодан кадр: Instagram/madina.tolepova1

Отандық танымал актер Артур Төлепов жақында тағы да балалы болмақ. Өнер иесінің келіншегі Мадина Төлепова аяғы ауыр екенін растап, болашақ нәрестенің жынысын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке бұл жаңалығымен бірден желідегі оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген. Ерлі-зайыптылар қалың көпшілікке екінші сәбиін күтіп жүргенін ғана емес, тіпті оның жынысын да хабарлап тастады.

Олар соңғы кезде ел арасында кеңінен таралған "гендер-пати" өткізіп, оның видеосын Instagram желісінде жариялаған.

"Бұл отбасылық қуанышты жаңалығымызды сіздермен бөлісуді шештік! Абылайханымыз аға болайын деп жатыр Алла қаласа", - деп жазды Мадина Төлепова парақшасында.

Бейнежазбадан жұбайлардың қара түсті шарды жарып жатқандарын көруге болады. Оның ішінен көк түсті қағаздар шықты. Бұл дегеніміз жұлдыз жұп тағы да ұлды болатынын білдіреді.

Айта кетейік, Артур мен Мадинаның болашақ сәбиінен басқа Абылайхан есімді ұлдары бар.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың бұл қуанышына ортақтасып, оларға өз құттықтауын жаудырды. Көпшілік Төлеповтер отбасына өз ақ тілектерін жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908275-artur-tolepovtyn-otbasy-zaqynda-tagy-bir-sabimen-tolyqpaq-video/