"Сыңар бағым": Алтынай Жорабаева жолдасын ғашықтар күнімен қалай құттықтады
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева күні кеше өткен ғашықтар күнінде жолдасын ерекше құттықтап, оған өз сезімін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" мерекесіне орай, жолдасымен түскен видеосымен бөлісті. Отағасы екеуінің бақытты сәттерінен құралған бейнежазба астына өнер иесі махаббатқа толыжазба қалдырды.
"Ғашықтар күні құтты болсын. Сыңар бағым, жәннатым. ИншаАлла" , - деп жазды әнші.
Эстрада жұлдызы соңғы кезде желіде сүйіктісіне деген сезімін жиі білдіретін болған. Бұған дейін Жорабаева күйеуінің туған күнінде оған әсерлі құттықтауын жолдаған. Онда әртіс жолдасы өмірін ертегіге айналдырғанын жазған еді.
"Әйел бақытын сезіндірген, бойымдағы нәзіктік пен еркелікті оятқан қамқоршым. Осыдан біраз уақыт бұрын, отбасылық өмірімді дәл бұлай елестете де алмас едім. Сен келдің де ертегіге айналдырдың. Қыздарымның папамыз деп тұрғаны да , таңдауымның туралығын дәлелдеп тұрғандай" , - деп жазған еді Жорабаева.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды ғашықтар күнімен құттықтап, оларға өз жылы лебізерін білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908279-synar-bagym-altynai-zorabaeva-zoldasyn-gasyqtar-kunimen-qalai-quttyqtady/