Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Опубликовано:

Айнұр Көпбасарова
Фото: Instagram/turkistan_qalasy_akimdigi

Түркістан қаласы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" басшысының бұйрығына сәйкес, Түркістан музыкалық драма театрының директоры болып Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан әкімдігінің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы лездемелік жиналыс барысында музыкалық драма театрының жаңа басшысын таныстырып, оның жұмысына сәттілік тіледі.

Айнұр Көпбасарова жиыннан соң драма театрға барып, жұмыс орнымен танысты.

Айнұр Сайлаубайқызы – 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген. 1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған. 1995-1996 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да мамандығы бойынша магистратура, 1996-1999 жылдары аспирантурада жоғары білім алған.

  • 1999 ж. Филология ғылымдарының кандидаты (Тақырыбы: Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты);
  • 1999 ж. Азаматтық авиация академиясы, кафедра оқытушысы;
  • 2000 ж. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы;
  • 2000-2010 ж. «Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобалардың авторы;
  • 2010 жылдан бері «А+А Idea fabric» ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры;
  • «Bolashak Charity» қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
  • Фильмографиясы: "Я тебя люблю" фильмі мен "Армандастар" сериалы;
  • «Құрмет» орденінің кавалері;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

Сонымен қатар, 2017 жылы өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада сынды бірқатар зияткерлік меншіктің ресми авторлық құқық иесі, ашылу және жабылу салтанаттарының сценарий авторы. Мәскеу қаласында өткен «Фариза» қойылымының бас продюсері, қосымша режиссері әрі идея авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908280-turkistan-muzykalyq-drama-teatrynyn-direktory-tagaiyndaldy/

pixel